Көші-қон процестерін реттеу бойынша шаралар кешеніне қатысты ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, жетекшісі;
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі, жетекшінің орынбасары;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары, хатшы;
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер бірінші вице-министрі;
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары;
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кірістер комитеті төрағасының орынбасары;
Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
"Сырбар" сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары (келісім бойынша).
2. Жұмыс тобы 2015 жылғы 10 ақпанға дейінгі мерзімде көші-қон процестерін реттеу шараларының кешені жөнінде ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.М. Сапарбаевқа жүктелсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |