1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мақта саласын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 85-ө өкімімен бекітілген |
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мақта саласын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Нормативтік құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік органдар | Орындау мерзімі | Нормативтік құқықтық актіні сапалы әзірлеуге және уақтылы енгізуге жауапты тұлға |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі | 2015 жылғы қыркүйек | С.К. Омаров |
2. | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі | 2015 жылғы қыркүйек | С.К. Омаров |
3. | Шитті мақта және (немесе) мақта талшығы сапасының жойылу немесе нашарлау фактісін анықтау қағидаларын бекіту туралы | Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі | 2015 жылғы қыркүйек | С.К. Омаров |