Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беруді енгізу мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
1.Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, жетекші;
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі, жетекшінің орынбасары;
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі, хатшы;
Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі;
Астана қаласы әкімінің орынбасары;
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
Алматы облысы әкімінің орынбасары;
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы;
Астана қаласы білім басқармасының "Политехникалық колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры;
Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы "Зеренді ауданы Шағалалы ауылының Агробизнес колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры;
Астана қаласы әкімдігінің "Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры;
"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
"KazEnergy" мұнай-газ және энергетикалық кешен ұйымдарының қазақстандық қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі департаментінің директоры (келісім бойынша);
"BI Group Construction холдингі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі басқарма төрағасының корпоративтік дамыту және персонал жөніндегі орынбасары (келісім бойынша);
"Кәсіпқор" холдингі" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша);
"Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
"Республикалық техникалық және кәсіптік білімді дамыту мен біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік орталығы" акционерлік қоғамының бас директоры (келісім бойынша);
"Қазақстан Республикасында дуальды оқытуды енгізу" халықаралық ынтымақтастық жөніндегі герман қоғамы жобасының атқарушы директоры (келісім бойынша).
2. Жұмыс тобы 2016 жылғы 1 сәуірге дейінгі мерзімде баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беруді енгізу мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Д.Н. Назарбаеваға жүктелсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |