1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 149-ө өкімімен бекітілген |
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің 29.08.2016 № 73-ө өкімімен.
р/с | Нормативтік құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік органдар | Орындау мерзімі | Нормативтік құқықтық актілердің сапасына, әзірлеу және енгізу уақтылылығына жауапты адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | "Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | БҒМ | 2016 жылғы ақпан | Е.Н. Иманғалиев |
2 | "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1420 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ДСӘДМ | 2016 жылғы ақпан | С.Қ. Жақыпова |
3 | Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің 29.08.2016 № 73-ө өкімімен. | ||||
4 | "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы | ИДМ | 2016 жылғы ақпан | Ж.М. Қасымбек |
5 | "Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 540 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы | ИДМ | 2016 жылғы ақпан | Ж.М. Қасымбек |
6 | "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 10 ақпандағы № 79,Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 28 ақпандағы № 28, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 ақпандағы № 28-ө бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бірлескен бұйрығы | ДСӘДМ, БҒМ | 2016 жылғы ақпан | С.Қ. Жақыпова, Е.Н. Иманғалиев |
7 | "Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын мүгедектердің зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларын пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2008 жылғы 19 наурыздағы № 72-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығы | ДСӘДМ | 2016 жылғы ақпан | С.Қ.Жақыпова |
8 | "Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 ақпандағы № 26 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығы | ДСӘДМ | 2016 жылғы қараша | С.Қ. Жақыпова |
9 | "Теміржол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 ақпандағы № 55 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығы | ИДМ | 2016 жылғы ақпан | Ж.М. Қасымбек |
10 | "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 ақпандағы № 44 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығы | ДСӘДМ | 2016 жылғы ақпан | С.Қ. Жақыпова |
11 | "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығы | ДСӘДМ | 2016 жылғы ақпан | С.Қ. Жақыпова |
12 | Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің 29.08.2016 № 73-ө өкімімен. | ||||
13 | Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларын және Пошта жөнелтілімдеріне пошта мөртабанын қолдану қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы | ИДМ | 2016 жылғы ақпан | Ж.М. Қасымбек |
14 | Ішкі су көлігінде жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын және Ішкі су көлігінде жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы | ИДМ | 2016 жылғы ақпан | Ж.М. Қасымбек |
15 | Ақылы негізде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығы | ДСӘДМ | 2016 жылғы ақпан | С.Қ. Жақыпова |
16 | Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсынатын ұйымдарда ішкі құжаттаманы жүргізу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығы | ДСӘДМ | 2016 жылғы ақпан | С.Қ. Жақыпова |
17 | Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсынатын ұйымдарда киімді және жұмсақ мүкәммалды есепке алу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығы | ДСӘДМ | 2016 жылғы ақпан | С.Қ. Жақыпова |
18 | Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу кезінде қалыптастырылатын құжаттардың нысандарын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығы | ДСӘДМ | 2016 жылғы ақпан | С.Қ. Жақыпова |
19 | Мүгедектігі бар және мекемелерде жазасын өтеп жүрген және күзетпен қамауда отырған сотталғандарға техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарын ұсыну қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы | ІІМ, ДСӘДМ | 2016 жылғы ақпан | Б.Б. Бисенқұлов, С.Қ. Жақыпова |
20 | Халықты әлеуметтік қорғау саласында адам саудасы құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығы | ДСӘДМ | 2016 жылғы ақпан | С.Қ. Жақыпова |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ДСӘДМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
ИДМ - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі