Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің 29.11.2016 № 119-ө өкімімен.
"Жер заңнамасының жекелеген нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 248 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Жер кодексінің нормаларын талқылау және түсіндіру әрі ұсыныстар әзірлеу үшін:
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Жер реформасы бойынша комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 38-ө өкіміне қосымша |
Жер реформасы бойынша комиссияның құрамы
Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің 01.07.2016 № 54-ө өкімімен.
Сағынтаев | - | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға |
Құл-Мұхаммед Мұхтар | - | "Нұр Отан" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша), төрағаның орынбасары |
Үшкемпіров | - | "Жақсылық" шаруа қожалығының басшысы, қоғам қайраткері (келісім бойынша), төрағаның орынбасары |
Абаев | - | Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі |
Бишімбаев | - | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі |
Мырзахметов | - | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі, төраға |
Кравченко | - | Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары (келісім бойынша) |
Баймолдина | - | Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары |
Айтаханов | - | Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша) |
Сағындықов | - | Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша) |
Дүйсебаев | - | Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша) |
Сабильянов | - | Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша) |
Тілеухан | - | Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша) |
Смағұл | - | Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша) |
Платонов | - | Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша) |
Күрішбаев | - | "Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті" акционерлік қоғамының ректоры (келісім бойынша) |
Сағадиев | - | Қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша) |
Қалиев | - | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанындағы Аграрлық білімді, ғылымды және өндірісті ықпалдастыру, агроөнеркәсіптік кешеннің кадр әлеуетін дамыту жөніндегі комиссияның төрағасы (келісім бойынша) |
Жолдасбеков | - | Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, "Президенттік мәдениет орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры, филология ғылымдарының докторы (келісім бойынша) |
Сағитов | - | "Өсімдіктерді қорғау ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі (келісім бойынша) |
Оразалиев | - | Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі (келісім бойынша) |
Косарев | - | Қазақстан коммунистік халықтық партиясы Орталық комитетінің құрметті хатшысы (келісім бойынша) |
Перуашев | - | "Ақ жол" демократиялық партиясының төрағасы (келісім бойынша) |
Бектаев | - | "Ауыл" халықтық патриоттық партиясының төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша) |
Сұлтанғали | - | "Бірлік" партиясының төрағасы (келісім бойынша) |
Тұяқбай | - | Жалпыұлттық социал-демократиялық партия төрағасы (келісім бойынша) |
Озғанбаев | - | "Қазақстан Республикасының Ардагерлер ұйымы"республикалық қоғамдық бірлестіктің орталық кеңесінің төрағасы (келісім бойынша) |
Сәбден | - | Қазақстан ғалымдар одағының президенті (келісім бойынша) |
Ерімбетов | - | "Қазақстан азаматтық альянсы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша) |
Әлтаев | - | "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
Сауэр | - | "Родина" агрофирмасының бас директоры, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа мүшесі (келісім бойынша) |
Батталова | - | "Қазақстанда парламентаризмді дамыту қоры" Акционерлік қоғамының директоры (келісім бойынша) |
Дарынов | - | "Қазақстан фермерлер одағы" республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша) |
Бақтыбаев | - | "Қазақ мақта қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша) |
Сағындықов | - | "Қазақстан агроодағы" ауыл шаруашылығы кооперативтерінің республикалық қауымдастығы (келісім бойынша) |
Бисетаев | - | "Қазақстан картоп өсірушілері одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша) |
Оспанов | - | "Қазақстан астық одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша) |
Ган | - | "Астық өндеушілер және нан пісірушілер одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша) |
Әбдікәрімов | - | "Бағбандар қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша) |
Жанғоразов | - | "Ижевский" өндірістік кооперативінің басшысы, "Қазақстанның кұс есірушілер одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің өкілі (келісім бойынша) |
Досмұхамбетов | - | "Байсерке-агро" агроөнеркәсіптік кешен басшысы (келісім бойынша) |
Жексенбай | - | Бас редакторлар клубының басшысы (келісім бойынша) |
Құдайбергенов | - | "Макроэкономикалық зерттеулер одағы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша) |
Әбенов | - | Қоғам қайраткері (келісім бойынша) |
Көшімов | - | "Ұлтты тағдыры" қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша) |
Тайжан | - | Болатхан Тайжан атындағы қорының президенті (келісім бойынша) |
Сарым | - | саясаттанушы (келісім бойынша) |
Қуанбаев | - | "Желтоқсан" халықтық-патриоттық қозғалысының басшысы (келісім бойынша) |
Бабамұратов | - | "Болашақ" жастар қозғалысының басшысы (келісім бойынша) |
Жандосов | - | "Ракурс" экономикалық талдау орталығы" қоғамдық қорының директоры (келісім бойынша) |
Қожахметов | - | "Almaty Management University" білім беру мекемесінің президенті (келісім бойынша) |
Шибұтов | - | Саясаттанушы (келісім бойынша) |
Шаханов | - | "Жалын" журналының бас редакторы (келісім бойынша) |
Әшімжанов | - | Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
Құлкенов | - | Қазақстан Жазушылар одағының өкілі (келісім бойынша) |
Әкім | - | Халықаралық адам институтының басшысы (келісім бойынша) |
Ерманов | - | Ақын, журналист (келісім бойынша) |
Бәшімов | - | Еуропалық құқық және адам құқығы сараптамалық институтының директоры (келісім бойынша) |
Боқаев | - | "Арлан" үкіметтік емес ұйымының төрағасы (келісім бойынша) |
Әбдіғали | - | Саясаттанушы (келісім бойынша) |
Нұрыпбаев | - | Құқық қорғаушы (келісім бойынша) |
Ысқақов | - | "Нарол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты (келісім бойынша) |
Сағналин | - | "АкТеп" компаниясының директоры (келісім бойынша) |
Жапарқұл | - | "Ернар" шаруа қожалығының басшысы (келісім бойынша) |
Сұлтанов | - | "Кұрманғазы" өндірістік кооперативінің төрағасы (келісім бойынша) |
Тұмабаев | - | "Приречное" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы (келісім бойынша) |
Манатов | - | "Манат" шаруа қожалығының басшысы (келісім бойынша) |
Ашығалиев | - | "Ақас" агрофирмасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша) |
Төребеков | - | "Қазақстан фермерлер одағы" қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облысы бойынша облыстық филиалының төрағасы (келісім бойынша) |
Буканов | - | "Каркен" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша) |
Имандосов | - | "РЗА" акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша) |
Поляков | - | "Победа" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы (келісім бойынша) |
Рафальский | - | "Тайынша Астық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы (келісім бойынша) |
Абасов | - | "Мақта компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша) |
Сейбағытов | - | Ауыл шаруашылық саласының еңбек ардагері (келісім бойынша) |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 38-ө өкімімен бекітілген |
Жер реформасы бойынша комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Жер реформасы бойынша комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасы Жер кодексінің нормаларын түсіндіру жұмысын ұйымдастыру және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін және осы Ережені басшылыққа алады, сондай-ақ өңірлердегі қоғамдық кеңестермен өзара іс-қимыл жасайды.
3. Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
4. Комиссияның отырыстары Комиссия төрағасы айқындайтын күндері өткізіледі.
2. Комиссияның міндеттері
5. Комиссияның негізгі міндеттері жер заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады.
3. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі
6. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі Комиссияның хаттамалық шешімімен бекітілетін Комиссияның жұмыс регламентіне сәйкес жүзеге асырылады.