Лотерея операторына қойылатын талаптар бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі, жетекші;
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі, жетекшінің орынбасары;
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті ойын бизнесін үйлестіру және лотерея қызметі басқармасының басшысы, хатшы;
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары;
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы;
"Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитеті" қоғамдық бірлестігінің бас хатшысы (келісім бойынша);
"Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша).
2. Жұмыс тобы бір апта мерзімде лотерея операторына қойылатын талаптар бойынша ұсыныстарды әзірлеуді және оларды Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары И.Н. Тасмағамбетовке жүктелсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |