Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның жобасы бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Мырзахметов | - | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі, жетекші |
Айтуғанов | - | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі, жетекшінің орынбасары |
Мұхаметжанов | - | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті директорының міндетін атқарушы, хатшы |
Нұрғалиев | - | Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша) |
Ким | - | Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша) |
Теміржанов | - | Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің.депутаты (келісім бойынша) |
Бишімбаев | - | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі |
Савельева | - | Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
Әбілқасымова | - | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі |
Әбішев | - | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы |
Хасенов | - | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы |
Үстеміров | - | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушы |
Марс | - | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары |
Ахметов | - | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры |
Хамитова | - | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Қаржылық қамтамасыз ету департаментінің директоры |
Жеңісов | - | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры |
Коваль | - | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Трансшекаралық өзендер департаментінің директоры |
Сұлтанов | - | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті директорының міндетін атқарушы |
Ілиясов | - | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті директорының орынбасары |
Нығмашев | - | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті директорының орынбасары |
Хамиев | - | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті директорының орынбасары |
Қазанбаев | - | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Экономика салаларын дамыту департаменті директорының орынбасары |
Үсенова | - | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті мемлекеттік жер кадастры басқармасының басшысы |
Рақымбеков | - | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің штаттан тыс кеңесшісі |
Тәжмакин | - | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің штаттан тыс кеңесшісі |
Әлтаев | - | "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
Мәлелов | - | "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша) |
Кенжеболат | - | "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы басқарма төрағасының кеңесшісі (келісім бойынша) |
Трошихин | - | Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы (келісім бойынша) |
Қалиев | - | "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің торағасы, "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы" қоғамдық бірлестігінің президенті, экономика ғылымдарының докторы, академик (келісім бойынша) |
Күрішбаев | - | "С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша) |
Есполов | - | "Қазақ ұлттық аграрлық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша) |
Садуақасов | - | "Агроөнеркәсіптік кешендегі экономикалық саясат талдамалық орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісім бойынша) |
Мәдиев | - | "Экономикалық зерттеулер институты" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша) |
Старыгин | - | "McKinsey&Company" компаниясының әріптесі (келісім бойынша). |
2. Жұмыс тобы 2016 жылғы 20 қарашаға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның жобасы бойынша ұсыныстар әзірлесін және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.И. Мырзахметовке жүктелсін.
Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |