1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасы құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 3 тамыздағы № 103-ө өкімімен бекітілген |
"Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Құқықтық актінің сапалы және уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты тұлға |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Қазақстан Республикасы төтенше және өкілетті елшілерінің қосымша атқару бойынша және Қазақстан Республикасы төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Республикасында орналасқан орнымен қоса қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы | СІМ | 2017 жылғы тамыз | А.Б. Қарашев |
2. | "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысына толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | СІМ | 2017 жылғы тамыз | М.Б. Тілеуберді |
3. | "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 1598 қаулысына толықтыру енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | СІМ | 2017 жылғы тамыз | А.Б. Қарашев |
4. | Дипломатиялық өкілдіктерді, халықаралық ұйым және (немесе) оның өкілдігін, консулдық мекемені тіркеу және дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдар және/немесе олардың өкілдіктерінің басшыларын, консулдық мекемелердің қызметкерлерін Қазақстан Республикасында аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | СІМ | 2017 жылғы тамыз | М.Б. Тілеуберді |
5. | Сирек кездесетін шет тілдердің тізбесін бекіту туралы | бұйрық | СІМ | 2017 жылғы тамыз | А.Б. Қарашев |
Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:
СІМ - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі