1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары заңнамада белгіленген тәртіппен тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 9 тамыздағы № 108-ө өкімімен бекітілген |
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен қабылдануына жауапты тұлға |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Анықтаудан, тергеуден, соттан жасырынып жүрген, сондай-ақ жазасын өтеуден немесе пробациялық бақылауды жүзеге асырудан жалтарып жүрген, хабар-ошарсыз жоғалып кеткен, туысқандарымен байланысын жоғалтқан, өзі туралы мағлұмат беретін деректерді хабарлауға қабілеті жоқ адамдарды, жеке басы анықталмаған мәйіттерді және атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер, мемлекеттің мүддесі үшін ұсынылған, сондай-ақ алименттер өндіріп алу туралы, асыраушының мертігуінен немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан, қайтыс болуынан келген залалды өтеу туралы қуынымдар бойынша жауапкер болып табылатын іздеудегі адамдарды арнайы есепке алуды жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | БП (келісім бойынша) | 2017 жылғы қыркүйек | М.М. Ахметжанов |
2 | Аттестаттауға жатқызылған қызметкердің Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізу қағидалары мен шарттарын, кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтерді, сондай-ақ лауазымдардың санаттары үшін шекті мәндерді бекіту туралы | бұйрық | ІІМ | 2017 жылғы қыркүйек | Е.З. Тұрғымбаев |
3 | "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік, патрульдік полициясы және мамандандырылған күзет қызметі саптық бөліністері қызметкерлерінің жетондарының үлгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 31 қазандағы № 630 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | бұйрық | ІІМ | 2017 жылғы қыркүйек | Е.З. Тұрғымбаев |
4 | "Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары, мекемелері мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін тесттен өтудің қағидалары мен шарттары, сондай-ақ лауазымдардың санаттары үшін шекті мәндер бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 8 шілдедегі № 69 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | бұйрық | БП (келісім бойынша) | 2017 жылғы қыркүйек | М.М. Ахметжанов |
5 | "Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 56 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | бұйрық | Қаржымині | 2017 жылғы қыркүйек | Қ.Е. Баеділов |
6 | "Қазақстан Республикасы прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелері қызметкерлерінің қызметтік куәліктерінің Сипаттамасын және оларды беру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 132қбпү бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | бұйрық | БП (келісім бойынша) | 2017 жылғы қыркүйек | М.М. Ахметжанов |
7 | "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлерінің және мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметтік куәліктерінің сипаттамасын және оларды беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 3 наурыздағы № 18қбпү бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | бұйрық | ІІМ | 2017 жылғы қыркүйек | Е.З. Тұрғымбаев |
8 | "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросында (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) құқық қорғау қызметін өткерудің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 17 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | бұйрық | МҚІСҚА (келісім бойынша) | 2017 жылғы қыркүйек | А.А. Шайымова |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы: | ||
МҚІСҚА | - | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі |
БП | - | Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы |
ІІМ | - | Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі |
Қаржымині | - | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |