Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 26.01.2018 № 8-ө өкімімен.
1. Қазақстан Республикасының резиденттері — жеке және заңды тұлғалардың КСРО Сыртқыэкономбанкі шоттарында оқшауландырылған қаражатын қайтару мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Комиссияның құрамы;
2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.
Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 2 қыркүйектегі № 125-ө өкімімен бекітілген |
Қазақстан Республикасының резиденттері - жеке және заңды тұлғалардың КСРО Сыртқыэкономбанкі шоттарында оқшауландырылған қаражатын қайтару мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төраға
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Халықаралық қаржылық қатынастар департаментінің халықаралық қаржылық ұйымдармен өзара іс-қимыл басқармасының басшысы, хатшы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Банктерді қадағалау департаментінің директоры (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Халықаралық құқық және ынтымақтастық департаментінің директоры
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту департаментінің директоры
"Казкоммерцбанк" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша).
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 2 қыркүйектегі № 125-ө өкімімен бекітілген |
Қазақстан Республикасының резиденттері - жеке және заңды тұлғалардың КСРО Сыртқыэкономбанкі шоттарында оқшауландырылған қаражатын қайтару жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының резиденттері - жеке және заңды тұлғалардың КСРО Сыртқыэкономбанкі шоттарында оқшауландырылған қаражатын қайтару жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
4. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде жарты жылда бір рет өткізіледі.
2. Комиссияның міндеті
5. Комиссияның негізгі міндеті Қазақстан Республикасының резиденттері - жеке және заңды тұлғалардың КСРО Сыртқыэкономбанкі шоттарында оқшауландырылған қаражатын қайтару тетігі жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.
3. Комиссияның ұйымдастырылуы мен жұмыс тәртібі
6. Комиссияның ұйымдастырылуы мен жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.