Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің 17.04.2019 № 61-ө өкімімен.
"Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 10 қазандағы № 144-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру және Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы";
кіріспе және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру және Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру және Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.";
көрсетілген өкіммен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру және Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы";
көрсетілген өкіммен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
""Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру және Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже";
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру және Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016. жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) іске асыру және Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Комиссияның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) Бағдарламаның орындалуының негізгі қорытындыларын қарау және орталық және жергілікті атқарушы органдардың Бағдарламаны, сондай-ақ салалар бойынша және өңірлерде жұмыс орындарын құру және жұмысқа орналастыру бөлігінде тиісінше мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар мен аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру бойынша есептерін тыңдау;
2) Бағдарламаны іске асыруға және Ұлттық біліктілік жүйесін дамытуға байланысты мәселелер бойынша ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізу;
3) кәсіптік стандарттарды іске асыру және білім беру бағдарламаларын енгізу мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
4) біліктілікті тәуелсіз бағалау жүйесін енгізу мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
5) Ұлттық біліктілік жүйесінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын жетілдіру, оның ішінде Ұлттық біліктілік органын құру және жұмысы жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
6) Ұлттық біліктілік жүйесінің элементтері арқылы экономика салаларын цифрландыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.".
Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |