1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 3 шілдедегі № 79-ө өкімімен бекітілген |
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Нормативтік құқықтық актінің атауы | Нормативтік құқықтық актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік органдар | Орындалу мерзімі | Нормативтік құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуіне және енгізілуіне жауапты адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | АШМ | 2018 жылғы шілде | Е.Н. Нысанбаев |
2. | "Шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін Қазақстан Республикасының азаматында, тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасында және оның үлестес тұлғасында жеке меншік құқығында, сондай-ақ тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін шетелдіктерде, азаматтығы жоқ адамдарда және шетелдік заңды тұлғаларда уақытша жер пайдалану құқығында болуы мүмкін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің бір әкімшілік ауданның (қаланың) аумағындағы шекті (ең жоғарғы) мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қазандағы № 1071 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | АШМ, ЖАО | 2018 жылғы шілде | Е.Н. Нысанбаев |
3. | Жер комиссиясы туралы үлгі ережені бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ, ЖАО | 2018 жылғы тамыз | Е.Н. Нысанбаев |
4. | Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалға алудың) үлгі шартын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ, ЖАО | 2018 жылғы тамыз | Е.Н. Нысанбаев |
5. | Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ, ЖАО | 2018 жылғы тамыз | Е.Н. Нысанбаев |
6. | Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ, АКМ, ЖАО | 2018 жылғы тамыз | Е.Н. Нысанбаев |
7. | Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін - Қазақстан Республикасының азаматында, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасы мен оның үлестес тұлғаларында болуы мүмкін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлерін айқындау әдістемесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ, ЖАО | 2018 жылғы тамыз | Е.Н. Нысанбаев |
8. | Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының нысанын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ, ЖАО | 2018 жылғы тамыз | Е.Н. Нысанбаев |
9. | Жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ, АКМ, Қаржымині, ЖАО | 2020 жылғы қараша | Е.Н. Нысанбаев |
10. | Жер комиссиясы отырысының барысын тіркеуді қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, аудио-, бейнежазбаны сақтау қағидаларын, сондай-ақ аудио-, бейнежазбаға қол жеткізу тәртібін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ, ЖАО | 2018 жылғы тамыз | Е.Н. Нысанбаев |
11. | "Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде, ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 290 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ, ҰЭМ, АКМ, ЖАО | 2018 жылғы тамыз | Е.Н. Нысанбаев |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АКМ - Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
ҰЭМ - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
ЖАО - жергілікті атқарушы органдар