1. Қоса беріліп отырған "Табиғи монополиялар туралы" 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 10-ө өкімімен бекітілген |
"Табиғи монополиялар туралы" 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Құқықтық актілердің атауы | Актінің нысаны | Орындалуына жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты тұлға |
---|---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ҰЭМ АКМ ИИДМ | 2019 жылғы ақпан |
С.М. Жұманғарин |
2. | Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы | ҰЭМ | 2019 жылғы наурыз | С.М. Жұманғарин |
3. | Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің бұйрығы | АКМ | 2019 жылғы наурыз | Д.Ш. Тұяқов |
4. | Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы | ИИДМ | 2019 жылғы наурыз | Р.В. Скляр |
5. | Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы | ҰЭМ | 2019 жылғы наурыз | С.М. Жұманғарин |
6 | субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің бұйрығы | АКМ | 2019 жылғы наурыз | Д.Ш. Тұяқов |
7. | Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды қ даму министрінің бұйрығы | ИИДМ | 2019 жылғы наурыз | Р.В. Скляр |
8. | Реттеліп көрсетілетін кызметтерді берудің үлгілік шарттарын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы | ҰЭМ | 2019 жылғы наурыз | С.М. Жұманғарин |
9. | Реттеліп көрсетілетін қызметтерді берудің үлгілік шарттарын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің бұйрығы | АКМ | 2019 жылғы наурыз | Д.Ш. Тұяқов |
10. | Реттеліп көрсетілетін қызметтерді берудің үлгілік шарттарын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды қ даму министрінің бұйрығы | ИИДМ | 2019 жылғы наурыз | Р.В. Скляр |
11. | Реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы | ҰЭМ | 2019 жылғы наурыз | С.М. Жұманғарин |
12. | Реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің бұйрығы | АКМ | 2019 жылғы наурыз | Д.Ш. Тұяқов |
13. | Реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы | ИИДМ | 2019 жылғы наурыз | Р.В. Скляр |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ИИДМ - Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі;
АКМ - Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі;
ҰЭМ - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі.