Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда жұмыс тобы (бұдан әрі - жұмыс тобы) құрылсын.
2. Жұмыс тобы 2020 жылғы 15 ақпанға дейінгі мерзімде Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын дамыту бойынша ұсыныстарды әзірлесін.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі 2020 жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде әзірленген ұсыныстарды белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізсін.
4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 17-ө өкіміне қосымша |
Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу жөнінде жұмыс тобының құрамы
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары, жетекші
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, жетекшінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Өңірлік даму департаментінің директоры, хатшы
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі
Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары
"Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқармасы төрағасының бірінші орынбасары (келісу бойынша)
"Самұрық-Қазына Контракт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісу бойынша)