1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында мақта-тоқыма кластерін құру жөніндегі жол картасы (бұдан әрі – Жол картасы) бекітілсін.
2. Жол картасын орындауға жауапты Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары, өзге де мемлекеттік органдары мен ұйымдары (келісу бойынша):
1) Жол картасында көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күніне дейін Жол картасының іске асырылу барысы туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-күніне дейін Жол картасының орындалу барысы туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат берсін.
4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 24 ақпандағы № 38-ө өкімімен бекітілген |
Қазақстан Республикасында мақта-тоқыма кластерін құру жөніндегі
ЖОЛ КАРТАСЫ
Р/с № | Іс-шаралар атауы | Аяқталу нысаны | Орындалуына жауаптылар | Орындалу мерзімдері | Қаржыландыру көздері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
I. Шикізат базасын дамыту жөніндегі іс-шаралар | |||||
1. | Сорттық көрсеткіштері жоғары мақтаның сапалы тұқымдарын өндіру | ИИДМ-ге ақпарат | АШМ, ҰАҒББО (келісу бойынша), Түркістан облысының әкімдігі, "Alliance" СӨК (келісу бойынша), "Alliance Textile" ЖӨКҚ (келісу бойынша) | 2020 – 2023 жылдар | талап етілмейді |
2. | Мақта өсірумен айналысатын фермерлік шаруашылықтарды және шитті мақтаны мақта-тоқыма кластеріне бастапқы қайта өңдеу жөніндегі кәсіпорындарды біріктіру бойынша мәселені пысықтау | ИИДМ-ге ақпарат | АШМ, Түркістан облысының әкімдігі, Шымкент каласының әкімдігі, "Alliance" СӨК (келісу бойынша), "Alliance Textile" ЖӨКҚ (келісу бойынша) | 2020 жылғы маусым | талап етілмейді |
3. | Мақта жинау техникасын сатып алу кезінде жеңілдікті кредит беру бойынша мәселені пысықтау | ИИДМ-ге ақпарат | АШМ, ҰЭМ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша) | 2020 жылғы наурыз | талап етілмейді |
4. | Отандық және шетелдік селекцияның бірінші буынды, бірінші және екінші көбейтілген буданды мақта тұқымдарын сатып алу кезінде құнының 50% субсидиялау | ИИДМ-ге ақпарат | Түркістан облысының әкімдігі, АШМ | қаңтар, жыл сайын есепті жылдан кейін | талап етілмейді |
5. | Минералды тыңайтқыштар құнының 50% субсидиялау | ИИДМ-ге ақпарат | Түркістан облысының әкімдігі, АШМ | қаңтар, жыл сайын есепті жылдан кейін | талап етілмейді |
6. | Өсімдіктерді қорғау құралдары құнының 50% субсидиялау | ИИДМ-ге ақпарат | Түркістан облысының әкімдігі, АШМ | қаңтар, жыл сайын есепті жылдан кейін | талап етілмейді |
7. | Суармалы суды жеткізу тарифін саралап субсидиялау | ИИДМ-ге ақпарат | Түркістан облысының әкімдігі, АШМ | қаңтар, жыл сайын есепті жылдан кейін | талап етілмейді |
8. | Ауыл шаруашылығы техникасы құнының 25% инвестициялық субсидиялау | ИИДМ-ге ақпарат | Түркістан облысының әкімдігі, АШМ | қаңтар, жыл сайын есепті жылдан кейін | талап етілмейді |
II. Тоқыма саласын дамыту жөніндегі іс-шаралар | |||||
9. | "Alliance" СӨК және "Azala Textile" ЖШС тоқыма кәсіпорындарын қосалқы аймақ түрінде "Оңтүстік" АЭА-ға қосу мәселесін Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару | РБК хаттамасы | ИИДМ, Қаржымині, ҰЭМ, Шымкент қаласының әкімдігі, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша) | 2020 жылғы ақпан – наурыз | талап етілмейді |
10. | "Alliance" СӨК және "Azala Textile" ЖШС тоқыма кәсіпорындары үшін "Оңтүстік" АЭА аумағының алаңын кеңейту | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ИИДМ, Қаржымині, ҰЭМ, Шымкент қаласының әкімдігі, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша) | 2020 жылғы наурыз | талап етілмейді |
11. | "Alliance" СӨК (бұрынғы "Ютекс" АҚ, "Меланж" АҚ) пен "Azala Textile" ЖШС-ге коммуналдық қызметтерді "Оңтүстік" АЭА тарифтері деңгейінде көрсету мәселесін пысықтау | тиісті коммуналдық кәсіпорындармен шарттар | Шымкент қаласының әкімдігі | 2020 жылғы сәуір | талап етілмейді |
12. | Тоқыма кешенін (бұрынғы "Ютекс" АҚ, "Меланж" АҚ, "Ютекс.KZ" АҚ) іске қосу үшін Өзбекстан Республикасынан шетелдік жұмыс күшін тартуды қамтамасыз ету | ИИДМ-ге ақпарат | Еңбекмині, Шымкент қаласының әкімдігі | 2020 жылғы мамыр | талап етілмейді |
13. | Тоқыма өнімдерін ішкі және сыртқы нарықтарға ілгерілету | ИИДМ-ге ақпарат | СИМ, "Alliance" СӨК (келісу бойынша), "Alliance Textile" СӨК (келісу бойынша), "Azala Textile" ЖШС (келісу бойынша) | наурыз, жыл сайын есепті жылдан кейін | талап етілмейді |
III. Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 52 мекенжайы бойынша орналасқан тігін фабрикасын (бұдан әрі – Тігін фабрикасы) іске қосу жөніндегі іс-шаралар | |||||
14. | Тігін фабрикасының мүлкін түгендеуді, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының көлемін анықтауды, Тігін фабрикасын іске қосуға дайындық жөніндегі іс-шараларды қамтитын Тігін фабрикасының техникалық аудитін жүргізу | техникалық аудит актісі | "Alliance" СӨК (келісу бойынша), "Alliance Textile" ЖӨКҚ (келісу бойынша) | 2020 жылғы наурыз | талап етілмейді |
15. | Тігін фабрикасын кейіннен сатып алу мүкіндігімен "Alliance" СӨК-тің сенімгерлік басқаруына беру | сенімгерлік басқару шарты | "Alliance" СӨК (келісу бойынша), "ҚИҚ" АҚ (келісу бойынша) | 2020 жылғы наурыз | талап етілмейді |
16. | Тігін фабрикасында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу | орындалған жұмыстар актілері | "Alliance" СӨК (келісу бойынша) | 2020 жылғы сәуір | талап етілмейді |
17. | Шикізатты, қажетті қосалқы бөлшектерді сатып алуды, қызметкерлерді қабылдауды жүзеге асыруды қамтитын Тігін фабрикасын іске қосуға дайындау | актілер, еңбек шарттары және т.б. | "Alliance" СӨК (келісу бойынша) | 2020 жылғы сәуір | талап етілмейді |
18. | Тігін фабрикасын пайдалануға беру | дайын өнімнің үлгілері | "Alliance" СӨК (келісу бойынша), "Alliance Textile" ЖӨКҚ (келісу бойынша), "ҚИҚ" АҚ (келісу бойынша) | 2020 жылғы мамыр | талап етілмейді |
19. | Тігін фабрикасын жүктеу | іске асыруға арналған шарттар | "Alliance" СӨК (келісу бойынша), "Alliance Textile" ЖӨКҚ (келісу бойынша), ИИДМ, Қорғанысмині, ІІМ, квазимемлекеттік сектор компаниялары | үнемі | талап етілмейді |
20. | Тігін фабрикасын сенімгерлік басқарушы "Alliance" СӨК-ке өткізу | сатып алу-сату шарты | "Alliance" СӨК (келісу бойынша), "ҚИҚ" АҚ (келісу бойынша), "Alliance Textile" ЖӨКҚ (келісу бойынша) | сенімгерлік басқару шартының қолданылу мерзімі өткенге дейін | талап етілмейді |
IV. Шымкент қаласы, Жансүгіров көшесі, 2 мекенжайы бойынша орналасқан Иіру-тоқыма фабрикасын (бұрынғы "Меланж" АҚ) (бұдан әрі – Иіру-тоқыма фабрикасы) іске қосу жөніндегі іс-шаралар | |||||
21. | Иіру-тоқыма фабрикасының мүлкін түгендеуді, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының көлемін, Иіру-тоқыма фабрикасын іске қосуға дайындық жөніндегі іс-шараларды айқындауды қамтитын Иіру-тоқыма фабрикасының техникалық аудитін жүргізу | техникалық аудит актісі | "Alliance" СӨК (келісу бойынша), "Alliance Textile" ЖӨКҚ (келісу бойынша) | 2020 жылғы сәуір | талап етілмейді |
22. | Иіру-тоқыма фабрикасын кейіннен сатып алу мүмкіндігімен "Alliance" СӨК-тің сенімгерлік басқаруына беру | сенімгерлік басқару шарты | "Alliance" СӨК (келісу бойынша), "ҚИҚ" АҚ (келісу бойынша) | 2020 жылғы мамыр | талап етілмейді |
23. | Иіру-тоқыма фабрикасында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу | орындалған жұмыстар актілері | "Alliance" СӨК (келісу бойынша) | техникалық аудит нәтижелері бойынша | талап етілмейді |
24. | Шикізатты, қажетті қосалқы бөлшектерді сатып алуды, жұмыскерлерді қабылдауды жүзеге асыруды қамтитын Иіру-тоқыма фабрикасын іске қосуға дайындау | актілер, еңбек шарттары және т.б. | "Alliance" СӨК (келісу бойынша) | 2020 жылғы қараша | талап етілмейді |
25. | Иіру-тоқыма фабрикасын пайдалануға беру | дайын өнімнің үлгілері | "Alliance" СӨК (келісу бойынша), "Alliance Textile" ЖӨКҚ (келісу бойынша), "ҚИҚ" АҚ (келісу бойынша) | 2020 жылғы желтоқсан | талап етілмейді |
26. | Иіру-тоқыма фабрикасын жүктеу | іске асыруға арналған шарттар | "Alliance" СӨК (келісу бойынша), "Alliance Textile" ЖӨКҚ (келісу бойынша), ИИДМ, Қорғанысмині, ІІМ, квазимемлекеттік сектор компаниялары | үнемі | талап етілмейді |
27. | Иіру-тоқыма фабрикасын сенімгерлік басқарушы "Alliance" СӨК-ке өткізу | сатып алу-сату шарты | "Alliance" СӨК (келісу бойынша), "ҚИҚ" АҚ (келісу бойынша), "Alliance Textile" ЖӨКҚ (келісу бойынша) | сенімгерлік басқару шартының қолданылу мерзімі өткенге дейін | талап етілмейді |
V. "Оңтүстік" АЭА аумағында орналасқан тоқыма фабрикасының (бұрынғы "Ютекс.kz" АҚ) аяқталмаған құрылысын (бұдан әрі – аяқталмаған құрылыс/объект) іске қосу жөніндегі іс-шаралар | |||||
28. | Аяқталмаған құрылыс мүлкін түгендеуді, құрылыс, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының көлемін анықтауды, аяқталмаған құрылысты іске қосуға дайындық жөніндегі іс-шараларды қамтитын аяқталмаған құрылыстың техникалық аудитін жүргізу | техникалық аудит актісі | "Alliance" СӨК (келісу бойынша), "Alliance Textile" ЖӨКҚ (келісу бойынша) | 2020 жылғы сәуір – маусым | талап етілмейді |
29. | Аяқталмаған құрылысты кейіннен сатып алу мүмкіндігімен "Alliance" СӨК-тің сенімгерлік басқаруына беру | шарт | "Alliance" СӨК (келісу бойынша), "ҚИҚ" АҚ (келісу бойынша) | 2020 жылғы маусым | талап етілмейді |
30. | Аяқталмаған құрылыстың құрылыс жұмыстарын орындау (ЖСҚ әзірлеу, мердігерлік шартты жасау, құрылыс материалдарын сатып алу, пайдалануға беру) | орындалған жұмыстар актілері | "Alliance" СӨК (келісу бойынша), "Alliance Textile" ЖӨКҚ (келісу бойынша) | 2020 жылғы шілде – 2021 жылғы тамыз | талап етілмейді |
31. | Объектіде тоқыма жабдығын монтаждау | орындалған жұмыстардың актілері | "Alliance" СӨК (келісу бойынша), "Alliance Textile" ЖӨКҚ (келісу бойынша) | 2021 жылғы тамыз – қараша | талап етілмейді |
32. | Шикізатты, қажетті қосалқы бөлшектерді сатып алуды, жұмыскерлерді қабылдауды жүзеге асыруды қамтитын объектіні іске қосуға дайындау | актілер, еңбек шарттары және т.б. | "Alliance" СӨК (келісу бойынша) | 2021 жылғы қараша | талап етілмейді |
33. | Объектіні пайдалануға беру | дайын өнімнің үлгілері | "Alliance" СӨК (келісу бойынша), "Alliance Textile" ЖӨКҚ (келісу бойынша), "ҚИҚ" АҚ (келісу бойынша) | 2021 жылғы желтоқсан | талап етілмейді |
34. | Объектіні жүктеу | іске асыруға арналған шарттар | "Alliance" СӨК (келісу бойынша), "Alliance Textile" ЖӨКҚ (келісу бойынша), ИИДМ, Қорғанысмині, ІІМ, квазимемлекеттік сектор компаниялары | үнемі | талап етілмейді |
35. | Объектіні сенімгерлік басқарушы "Alliance" СӨК-ке өткізу | сатып алу-сату шарты | "Alliance" СӨК (келісу бойынша), "Alliance Textile" ЖӨКҚ (келісу бойынша), "ҚИҚ" АҚ (келісу бойынша) | сенімгерлік басқару шартының қолданылу мерзімі өткенге дейін | талап етілмейді |
36. | "Alliance" СӨК-ті "Оңтүстік" АЭА қатысушысы ретінде қайта тіркеу бойынша іс-шараларды өткізу | шарт, уәкілетті мемлекеттік органның шешімі | "Alliance" СӨК (келісу бойынша) | 2021 жылғы қазан | талап етілмейді |
37. | 180 000 ұршықты қосымша тоқыма жабдығын сатып алу іс-шараларды өткізу және "Alliance" СӨК-тің кемінде 70 000 гектар жер учаскелерінде мақта өсіретін шаруа қожалықтарымен фьючерстік шарттармен қамтамасыз ету жолымен объектінің өндірістік қуатын ұлғайту бойынша іс-ашаралар өткізу | шарттар / орындалған жұмыстар актілері | "Alliance" СӨК (келісу бойынша), "Alliance Textile" ЖӨКҚ (келісу бойынша), Түркістан облысының әкімдігі, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша) | 2023 жылға дейін | талап етілмейді |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ – "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы;
Еңбекмині – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
ЖСҚ – жобалық-сметалық құжаттама;
ИИДМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі;
Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;
"ҚИҚ" АҚ – "Қазақстанның инвестициялық қоры" акционерлік қоғамы;
Қорғанысмині – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі;
"Оңтүстік" АЭА – "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағы;
СИМ – Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі;
СІМ – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі;
ҰАҒББО – "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
ҰЭМ – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі;
ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі;
"Alliance" СӨК – "Alliance" сауда-өнеркәсіп компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
"Alliance Textile" ЖӨКҚ – "Alliance Textile" жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының қауымдастығы;
"Azala Textile" ЖШС – "Azala Textile" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.