"Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 143-ө өкіміне мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ереже:
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. "Экономикалық зерттеулер институты" акционерлік қоғамы сараптамалық-талдау жұмыстарын жүргізетін Хатшылық болып табылады.";
көрсетілген өкіммен бекітілген Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамында:
"Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы резидент үйлестірушісі (келісім бойынша);" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы (келісу бойынша);".
Премьер-Министр | А. Мамин |