1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда "Ақбұлақ" халықаралық туристік орталығын дамыту жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі − жұмыс тобы) құрылсын.
2. Жұмыс тобы 2021 жылғы 15 қазанға дейінгі мерзімде "Ақбұлақ" халықаралық туристік орталығын дамыту жөніндегі жол картасының жобасын әзірлесін.
Премьер-Министр | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі № 158-ө өкіміне қосымша |
"Ақбұлақ" халықаралық туристік орталығын дамыту жөніндегі жұмыс тобының құрамы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары, хатшы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Қаржы бірінші вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі
Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі
Алматы қаласы әкімінің орынбасары
Алматы облысы әкімінің орынбасары
"Akbulak Club Resort" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары (келісу бойынша).