1. Жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктер нәтижесінде келтірілген зардаптарды жою мәселелері жөніндегі үкіметтік комиссия (бұдан әрі – Комиссия) қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
2. Комиссия тәртіпсіздіктер нәтижесінде келтірілген залал сомасына бағалау жүргізсін, әкімшілік ғимараттарды, әлеуметтік объектілерді, тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Комиссияның төрағасы – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі орынбасарының міндетін атқарушы Роман Васильевич Скляр Комиссия жұмысының нәтижелері мен қабылданып жатқан шаралар туралы баяндасын.
|
Премьер-Министрдің міндетін атқарушы |
Ә. Смайылов |
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 9 қаңтардағы № 2-ө өкіміне қосымша |
Жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктер нәтижесінде келтірілген зардаптарды жою мәселелері жөніндегі үкіметтік комиссияның құрамы
Скляр Роман Васильевич | - | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының міндетін атқарушы, Комиссияның төрағасы |
Өскенбаев | - | Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі, Комиссия төрағасының орынбасары |
Бүркітбаев | - | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы |
Ильин | - |
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы |
Таласов | - | Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары |
Сарсенов | - | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары |
Каринова | - | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым бірінші вице-министрі |
Біржанов | - | Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі |
Жаналинов | - | Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
Әбдіқадыров | - | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі |
Мырзахметов | - | Қазақстан Республикасының "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісу бойынша) |
