"Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау мәселелері жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 38-ө өкіміне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетiлген өкiммен бекiтiлген Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:
6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау, сондай-ақ валюталық түсім болмаған жағдайда квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шетел валютасындағы жаңа қарыздарын қарыз сомасының кемінде 30 %-ы мөлшерінде хеджирлеу жөніндегі ұсынымдар тұжырымдау;";
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Комиссия квазимемлекеттік сектор субъектілері ұсынатын қарыздарға қызмет көрсету бойынша жоспарларды ескере отырып ұсынымдар тұжырымдайды.".
Премьер-Министр | Ә. Смайылов |