Қазақстан Республикасындағы тұтыну кооперативтерінің қызметі жөніндегі шаралар кешенін көздейтін ұсыныстарды тұжырымдау мақсатында:
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасындағы тұтыну кооперативтерінің кызметі жөнінде шешімдерді тұжырымдау үшін ведомствоаралық жұмыс тобы (бұдан әрі – жұмыс тобы) құрылсын.
2. Жұмыс тобы 2024 жылғы 15 мамырға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасындағы тұтыну кооперативтерінің қызметі жөнінде шаралар кешенін көздейтін ұсыныстарды тұжырымдап, Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
3. Жұмыс тобының отырыстары қажеттілігіне қарай өткізілсін.
Премьер-Министр | Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы "28" қарашадағы № 186-ө өкіміне қосымша |
Қазақстан Республикасындағы тұтыну кооперативтерінің қызметі жөнінде шешімдерді тұжырымдау үшін ведомствоаралық жұмыс тобының құрамы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, жетекші
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі, жетекшінің орынбасары
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Қала құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық саясат департаментінің директоры
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі басшысының орынбасары (келісу бойынша)
"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі
облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің орынбасарлары