2026 жылғы Өңірлік климаттық саммитке дайындалу мақсатында:
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда 2026 жылғы Өңірлік климаттық саммитке дайындалу, оны өткізу және ақпараттық сүйемелдеу жұмысын ұйымдастыратын жұмыс тобы (бұдан әрі – жұмыс тобы) құрылсын.
2. Жұмыс тобы үш ай мерзiмде 2026 жылғы Өңірлік климаттық саммитке дайындалу, оны өткізу және ақпараттық сүйемелдеу жөнінде ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р.В. Склярға жүктелсін.
Премьер-Министр | О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы "21" мамырдағы № 69-ө өкіміне қосымша |
2026 жылғы Өңірлік климаттық саммитке дайындалу, оны өткізу және ақпараттық сүйемелдеу жұмысын ұйымдастыратын жұмыс тобының құрамы
Бектенов | - | Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға |
Скляр | - | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға орынбасары |
Әрінов | - | Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі |
Әлназарова | - | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
Балаева | - | Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі |
Нысанбаев | - | Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі |
Нұржігітов | - | Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі |
Нұрбек | - | Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі |
Сапаров | - | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
Сәтқалиев | - | Қазақстан Республикасының Энергетика министрі |
Такиев | - | Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Шаққалиев | - | Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі |
Шарлапаев | - | Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Омаров | - | Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары |