Қожа Ахмет Иассауи атындағы Қазақ-Түрiк халықаралық университетi туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң өкiмi 9 сәуiр 1993 ж. N 137-ө
Түрiк Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы
1992 жылғы 9 қарашадағы Келiсiмге сәйкес Қожа Ахмет Иассауи
атындағы Қазақ-Түрiк халықаралық университетi ғимараттары
кешенiнiң құрылысы сметалық құнының бiрдей үлесiмен тараптардың
өзара тең болуы негiзiнде жүзеге асырылады. Осы аталған
келiсiмдi сөзсiз орындау мақсатында және Қазақстан Республикасы
Президентiнiң 1993 жылғы 1 наурыздағы тапсырмасын орындау үшiн:
1. Қожа Ахмет Иассауи атындағы Қазақ-Түрiк халықаралық
университетiнiң Кешендi даму бағдарламасы және университет
ғимараттары құрылысының техникалық-экономикалық негiздемелерiн
әзiрлеу жөнiндегi тапсырма бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi
Инвестициялық қордың есебiнен Бiлiм министрлiгiне 1993 жылы
жобалық сметалық құжаттамалар әзiрлеуге қажеттi қаржы бөлудi
көздейтiн болсын. Алдағы уақытта университет құрылысына
жұмсалатын күрделi қаржы тиiстi жылға мемлекеттiң мұқтаждары
үшiн бөлiнетiн күрделi қаржы көлемiн қалыптастыру кезiнде
қаржыландырудың республикалық орталықтандырылған көздерiнiң
есебiнен қарастырылатын болсын.
3. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi Қазақстан
Республикасының Сәулетшiлер одағының "НАР"
шығармашылық-өндiрiстiк шеберханасымен бiрлесiп, жобалық-сметалық
құжаттамалардың Келiсiмде белгiленген мерзiмде әзiрленуiн
қамтамасыз етсiн. Университет ғимараттары кешенiнiң құрылысына
арналған техникалық-экономикалық негiздеме бекiтуге 1993 жылғы
15 мамырға дейiн ұсынылсын.
4. Құрылыстың басталуын жеделдету үшiн жобалау ұйымына
техникалық-экономикалық негiздеме бекiтiлгенге дейiн сыртқы
инженерлiк желiлердiң жұмыс жобаларын әзiрлеуге рұқсат етiлсiн.
Премьер-министр
О стpоительстве Казахско-Туpецкого унивеpситета им. Ходжа Ахмеда Ясави
Распоpяжение Пpемьеp-министpа Республики Казахстан от 9 апpеля 1993 г. N 137-p
В соответствии с Соглашением между Правительствами Турецкой
Республики и Республики Казахстан от 9 ноября 1992 г. строительство
комплекса зданий Казахско-Турецкого международного университета им.
Ходжа Ахмеда Ясави будет осуществляться на паритетных началах сторон
в равных долях сметной стоимости. В целях безусловного выполнения
вышеназванного соглашения и во исполнение поручения Президента
Республики Казахстан от 1 марта 1993 г.:
1. Утвердить Комплексную программу развития и задание на
разработку технико-экономического обоснования строительства
комплекса зданий Казахско-Турецкого международного университета им.
Ходжа Ахмеда Ясави.
2. Министерству экономики Республики Казахстан на 1993 год
предусмотреть Министерству образования за счет Инвестиционного фонда
необходимые средства на разработку проектно-сметной документации. В
последующем капитальные вложения на строительство университета
предусматривать за счет республиканских централизованных источников
финансирования при формировании объемов капвложений на
государственные нужды на соответствующий год.
3. Министерству образования Республики Казахстан совместно с
творческопроизводственной мастерской "НАР" Союза архитекторов
Республики Казахстан обеспечить разработку проектно-сметной
документации в сроки, установленные Соглашением.
Технико-экономическое обоснование на строительство комплекса зданий
университета представить на утверждение к 15 мая 1993 г.
4. Для ускорения начала строительства разрешить проектной
организации рзработку рабочего проекта на внешние инженерные сети до
утверждения технико-экономического обоснования.
Премьер-министр