1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң, Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жанындағы Шетел инвестициялары жөнiндегi ұлттық агенттiктiң және Тамақ өнеркәсiбi Қазақ мемлекеттiк кооперативтiк бiрлестiгiнiң ұсыныстарының негiзiнде Алматы темекi комбинатының акционерлiк қаражатының бiр бөлегiн сатып алуға шетел инвесторларының арасында ашық конкурс өткiзiлсiн.
2. Таяудағы кезеңге /3 жыл/ Алматы темекi комбинатының мемлекеттiк акцияларының пакетi 51 процент мөлшерiнде сақталсын. Акциялардың қалған бөлегi қатыстырылған шетел инвесторының еншiсi деп белгiленсiн.
3. Конкурс өткiзу үшiн қосымшаға сәйкес конкурс комитетi жасақталсын.
4. Конкурс комитетiне конкурс өткiзу барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша шешiмдер қабылдауға құқық берiлсiн әрi оған материалдармен жұмыс iстеуге Республиканың министрлiктерiнен, ведомстволары мен ұйымдарынан мамандар тартуға өкiлеттiк берiлсiн. Конкурсты өткiзуге тәуелсiз консультант фирма тарту тиiмдi деп саналсын.
5. Конкурс комитетiне:
- бiр апта мерзiмде консультант фирманы анықтап, онымен контракт жасасу;
- 5 мамырға дейiн Алматы темекi комбинатын жекешелендiруге
және республикадағы темекi өнеркәсiбiн дамытуға қатысуы үшiн шетел инвесторын таңдап алудың шарттарын әзiрлеп, конкурс жариялау; - 28 мамырға дейiн қатысуы ықтимал инвесторлардан ұсыныстар қабылдауды аяқтау; - 10 маусымға дейiн түскен ұсыныстарды зерделеп, оның алғашқы нәтижелерiн Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қарауына ұсыну тапсырылсын. Премьер-министр Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң 1993 жылғы 19 сәуiрдегi N 150 өкiмiне Қосымша Конкурс комитетiнiң Құрамы Кәрiбжанов Ж.С. - Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төрағасы /төраға/ Жандосов О.Ә. - Қазақстан Республикасы Экономика министрiнiң бiрiншi орынбасары /төрағаның орынбасары/ Қалмырзаев С.С. - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi төрағасының орынбасары /төрағаның орынбасары/ Конкурс комитетiнiң мүшелерi Аймақов Б.Ж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң салық саясаты басқармасының бастығы Арыстанов А.К. - Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жанындағы шетел инвестициялары жөнiндегi ұлттық агенттiктiң шетел инвестициялары басқармасының бастығы Байғабылов А.А. - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң егiншiлiк бас басқармасының бастығы Дияров С.К. - Тамақ өнеркәсiбi Қазақ мемлекеттiк кооперативтiк бiрлестiгi төрағасының орынбасары Ибрагимов Т.М. - Қазақстан Республикасы Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының Сыртқы байланыстар бөлiмiнiң консультанты Құрманғалиев С. - Монополияға қарсы саясат жөнiндегi Алматы қаласындағы аумақтық комитеттiң төрағасы Марченко Г.А. - Қазақстан Республикасы Вице-Президентiнiң көмекшiсi Медеушеев Т.К. - Алматы темекi комбинатының директоры Шоқпытов А.М. - Қазақстан Республикасы Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының Экономикалық саясат бөлiмiнiң сектор меңгерушiсi