Комиссия құpамы туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң өкiмi 28 желтоқсан 1993 ж. N 591-ө


     Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстандағы 1986
жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқаны үшiн жауаптылыққа
тартылған азаматтарды ақтау туралы" 1991 жылғы 12 желтоқсандағы
N 540 Жарлығының талаптарын орындау жөнiндегi жұмысты жандандыру 
және аталған оқиғалардың ақталған қатысушыларын 
әлеуметтiк-тұрмыстық қамтуға қатысты мәселелердi шешу мақсатында:
     1. Мына құрамда арнаулы комиссия құрылсын:
     
                   Комиссия төрағасы
                -----------------------
Сұлтанов Қ.С.     - Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң
                    орынбасары

                   Комиссия мөлшерi:
                -----------------------
Сүлейменов К.Ш.   - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеңесшiсi
Айсин Т.С.        - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының
                    орынбасары (келiсiм бойынша)
Жүрсiмбаев С.К.   - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 
                    орынбасары (келiсiм бойынша)
Храпунов В.В.     - Алматы қаласы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары
Нәлiбаев А.       - "Желтоқсан" қоғамдық бiрлестiгiнiң өкiлi
                    (келiсiм бойынша)
Қарабаев Ш.       - "Желтоқсан" қоғамдық бiрлестiгiнiң өкiлi
                    (келiсiм бойынша)
Қуандықов Е.      - "Желтоқсан" қоғамдық бiрлестiгiнiң өкiлi
                    (келiсiм бойынша)
Абраев О.С.       - жұртшылық өкiлi (келiсiм бойынша)
     
     2. Комиссияға мынадай мiндеттер:


      - қылмыстық, әкiмшiлiк және тәртiптiк жауапқа тартылған және осы уақытқа дейiн белгiленген тәртiп бойынша ақталмаған желтоқсан оқиғаларына қатысқан адамдардың материалдарын тиiстi орындардың 1994 жылғы 1 ақпаннан кешiктiрмей қарап, түпкiлiктi шешуiн бақылауға алу;
      - республика аймағында тұратын ақталған азаматтарға заңдарда белгiленген құқықтар мен жеңiлдiктер беру мәселелерiн ең алдымен тұрғынжаймен қамтамасыз ету және медициналық қызмет көрсету жөнiнен жекеше тәртiппен шешу;
      - желтоқсан оқиғаларының ақталған қатысушыларына өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасуға көмек көрсету жүктелсiн.
      3. Комиссияға мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарының желтоқсан оқиғалары кезiнде заңдылықтың бұзылуына жол берген жекелеген лауазымды адамдарының жауапкершiлiгi туралы ұсыныстар әзiрлеп, енгiзу құқығы берiлсiн.
      4. Барлық министрлiктер, ведомстволар, кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелер, сондай-ақ облыстардың, қалалардың және аудандардың әкiмдерi 10 күн мерзiм iшiнде комиссияның ұсынысы мен талаптарын қарап, бiр ай мерзiмнен кешiктiрмей солар бойынша шешiмдер қабылдауға мiндеттi деп белгiленсiн.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi


О комиссии, деятельность котоpой связана с активизацией pабот по pешению социально-бытовых вопpосов pеабилитиpованных участников событий 17-18 декабpя 1986 г.

Распоpяжение Пpемьеp-министpа Республики Казахстан от 28 декабpя 1993 года N 591-p

                       (Извлечение)
     В целях активизации работ по выполнению требований Указа Президента Республики Казахстан от 12 декабря 1991 г. N 540 U910540_ "О реабилитации граждан, привлеченных к ответственности за участие в событиях 17-18 декабря 1986 г. в Казахстане" и решения вопросов, связанных с социально-бытовым обеспечением реабилитированных участников указанных событий:
     1. Образовать специальную комиссию в составе: (не приводится)
     2. Возложить на комиссию следующие функции:
     - контроль за рассмотрением и окончательным разрешением соответствующими инстанциями в срок не позднее 1 февраля 1994 г. материалов на участников декабрьских событий, привлеченных к уголовной, административной и дисциплинарной ответственности и до настоящего времени не реабилитированных в установленном порядке;
     - решение в индивидуальном порядке вопроса о предоставлении реабилитированным гражданам, проживающим на территории республики, установленных законодательством прав и льгот, прежде всего в части обеспечения жильем и медицинским обслуживанием;
     - оказание помощи реабилитированным участникам декабрьских событий в трудоустройстве по специальности.
     3. Предоставить комиссии право подготовки и внесения предложений об ответственности отдельных должностных лиц органов государственной власти и управления, допустивших в период декабрьских событий нарушение законности.
     4. Установить, что все министерства, ведомства, предприятия, организации и учреждения, а также главы областных, городских и районных администраций обязаны в 10-дневный срок рассматривать предложения и требования комиссии и не позднее чем в месячный срок принимать по ним решения.

      Премьер-министр