1. Республиканың наубайхана кәсiпорындарының iркiлiссiз жұмысын қамтамасыз ету, оларды өздерi шығаратын ашытқымен жабдықтау мақсатында Алматы, Жамбыл және Талдықорған облыстарының әкiмдерi аталған облыстарда орналасқан қант заводтарының басшыларымен бiрлесе отырып Алматының ашытқы заводына 1994 жылдың астығынан бастап қосымшаға сәйкес кәсiпорындар бойынша ашытқы шығару үшiн 11 мың тонна сiрне беруге онымен өзара тиiмдi жағдайда контракттар жасау мәселесiн пысықтайтын болсын.
2. Сiрненiң өзiндiк ресурстарының шектеулiлiгiн ескере отырып оны республикадан тысқары жерлерге шығару уақытша тоқтатылсын.
Премьер-министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-министрiнiң
1995 жылғы 3 қаңтардағы
2 өкiмiне қосымша
Алматының ашытқы заводына республиканың қант
заводтарынан жыл сайын берiлетiн сiрне көлемi
----------------------------------------------------------------
Қант заводтарының | Беру көлемi
атауы |
-----------------------------------------------------------------
Алматы 2000
Мерке 2200
Шу 800
Талдықорған 2500
Ақсу 2000
Алакөл 1500
------------------------------------------------------------------
Барлығы: 11000