1996-1998 жылдарға арналған халықаралық қаржы ұйымдарының (ХҚҰ) және донор елдердiң займдарын тарту есебiнен қаржыландыру ұсынылған, басым инвестициялық бағдарламалар мен жобалар тiзбесiне қосылған Ақмола қаласындағы халықаралық әуежай, құрылысының жобасы бойынша Жапония Үкiметiнiң займын (ОЕСҒ) тарту жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру мақсатында: 1. Мына құрамда жұмыс тобы құрылсын: Қанапиянов С.М. - Үкiмет Аппараты Сыртқы байланыстар бөлiмiнiң меңгерушiсi, топ жетекшiсi Жиленков С.В. - Үкiмет Аппарат Заң бөлiмiнiң меңгерушiсi Оразбақов Ғ.I. - Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрiнiң орынбасары Омаров К.О. - Ақмола облысы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Якубаев Э.М. - Үкiмет Аппараты Сыртқы байланыстар бөлiмiнiң консультанты Дүсiпов Ш.А. - Қазақстан Республикасы Жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды Ақмола қаласына көшiру жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы аппаратының аға референтi Демин А.Б. - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң басқарма бастығы Илеуов А.Т. - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитетiнiң басқарма бастығының орынбасары Котляров С.В. - "Ақмолақұрылысинвест" коммерциялық құрылыс салу компаниясы басқармасының төрағасы
2. Қазақстан Республикасы Үкiметi атынан Жапония Үкiметiнiң займы (ОЕСҒ) бойынша займшы болып Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң және Ақмола облысы әкiмiнiң "Ақмолақұрылысинвест" коммерциялық құрылыс салу компаниясын тапсырысшы және займшы ретiнде тарту туралы ұсынысы қабылдансын.
4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi жобаның ТЭН-iн әзiрлеуге техникалық тапсырма берсiн.
5. Жапония Үкiметiнiң займын тарту және жобаны жүзеге асыру бойынша жұмысты ұйымдастыру жөнiндегi берiлiп отырған шаралар жоспары бекiтiлсiн.
6. Қазақстан Республикасы Үкiметi Төралқасының 1996 жылғы 9 сәуiрдегi мәжiлiсiнде мақұлданған (10 хаттама) 1996-1998 жылдарға арналған және халықаралық қаржы ұйымдарының (ХҚҰ) және донор елдердiң займдарын тарту есебiнен қаржыландыру ұсынылған Басым инвестициялық бағдарламалар мен жобалар тiзбесiне мынадай өзгертулер
енгiзiлсiн: 2, 3-бағандардағы "Ақмола қаласындағы әуежайды қайта жаңарту және "Қазақстан әуе жолы" ҰАК" сөздерi тиiсiнше "Ақмола қаласындағы халықаралық әуежайдың құрылысы" және "Ақмолақұрылысинвест" коммерциялық құрылыс салу компаниясы" сөздерiмен ауыстырылсын. Премьер-Министр Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1996 жылғы 9 шiлдедегi N 324 өкiмiмен бекiтiлген Жапония Үкiметiнiң займын тарту жөнiндегi шаралар және Ақмола қаласындағы халықаралық әуежай құрылысының жобасын жүзеге асыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру Жоспары ___________________________________________________________________ N | Шаралар |Орындалу |Орындаушы р/с | мерзiмi | ___________________________________________________________________ 1| 2 | 3 | 4 ___________________________________________________________________ 1. Жапония Үкiметiн дипломатиялық арналар 1996 жылғы Жұмыс тобы, бойынша Қазақстан Республикасы шiлде Сыртқыiсминi Үкiметiнiң ОЕСҒ займын 1997 жылы Ақмола қаласындағы халықаралық әуежай құрылысының жобасын жүзеге асыру үшiн пайдалану ниетi туралы хабарландыру 2. Жоба бойынша қажеттi инженерлiк- -""- "Ақмолақұрылыс. iздестiру жұмыстарды жүргiзуi және инвест" ҚКК ТЭН әзiрлеу кезiнде пайдалануы үшiн материалдар әзiрлеу 3. ТЭН әзiрлеуге техникалық тапсырма -""- Көлiккомминi әзiрлеу және оны тапсырысшыға беру 4. Жапон сарапшыларымен консультацияларға -""- "Ақмолақұрылыс. материалдар әзiрлеу. инвест" Жергiлiктi жерлердегi сарапшылар ҚКК, жұмыс тобы жұмысына жәрдемдесу 5. Жоба бойынша тиiстi келiсулер 1996 жылғы "Ақмола. өткiзiп, министрлiктер мен шiлде-тамыз құрылысинвест" ведомстволардың қорытындысын алу ҚКК, Ақмола облысының әкiмi, Құрылысминi, Экобиоресурс. минi және басқа мүдделi министрлiктер мен ведомстволар 6. Құрылыс салушыға аудиторлық тексеру 1996 жылғы Қаржыминi, жүргiзу және жоба бойынша кепiлдеме тамыз - Шетелкапитал. беру тетiгiн қоса жобаны қаржыландыру қыркүйек пайдаланукомы, және қоса қаржыландыру сызбасын әзiрлеу "Ақмола. құрылысинвест ҚКК 7. Жапония Үкiметiнен займ алу мәселесiн -""- Қаржыминi, қараудың алдын ала нәтижелерi бойынша, жұмыс тобы ОЕСҒ өкiлдерiмен келiссөздер жүргiзу 8. Ақмола қаласындағы әуежай құрылысына 1996 жылғы Тендер тендер өткiзу шарты бойынша ұсыныс шiлде комиссиясы, әзiрлеу және тендер ұйымдастыру жұмыс тобы 9. Ақмола қаласындағы әуежай құрылысы 1996 жылғы бұл да сол бойынша тендер өткiзудi аяқтау IV тоқсан 10.Жоба бойынша бас мердiгермен өзара -""- Жұмыс тобы түсiнiстiк туралы меморандум әзiрлеу 11.Ақмола қаласындағы халықаралық 1997 жылғы бұл да сол әуежай құрылысы бойынша инвестициялық I тоқсан жобаны жүзеге асыру туралы Үкiмет шешiмiнiң жобасын әзiрлеу 12.Ақмола қаласындағы әуежай құрылысының 1997 жыл бұл да сол жобасы бойынша Қазақстан Республикасы мен ОЕСҒ арасында займ туралы келiсiм әзiрлеу