Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1996 жылғы 6 қыркүйектегi N 422 өкiмiне мынадай өзгерту енгiзiлсiн: Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама штатының Халықаралық даму жөнiндегi агенттiгi (ЮСАИД) арасындағы өзара түсiнiстiк туралы Меморандумды келiсуге арналған жұмыс тобына: Павлов А.С. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қаржы министрi, жетекшi Мыңбаев С.М. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң орынбасары - Қазынашылық бастығы Қалмұрзаев С.С. - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төрағасы Өтепов Э.К. - Қазақстан Республикасы Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төрағасы енгiзiлсiн. Соболев В.В. аталған құрамнан шығарылсын.
Премьер-Министр