Кеден органдарын автоматтандыру жобасына тендер өткiзу жөнiндегi Ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1996 жылғы 7 қазан N 472-ө

      "Қазақстан Республикасы кеден органдарының жұмысын жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 қыркүйектегi N 1112 P961112_ қаулысын орындау үшiн:

      1. Қазақстан Республикасының кеден органдарын автоматтандыру жобасына тендер өткiзу жөнiндегi Ведомствоаралық комиссияның құрамы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.

      2. Ведомствоаралық комиссия:

      Қазақстан Республикасының кеден органдарын автоматтандыру жобасына тендер ұйымдастыру туралы ереженi әзiрлеп, бекiтсiн;

      Қазақстан Республикасының кеден органдарын автоматтандыру жобасына тендерлiк тапсырманы әзiрлесiн;

      1996 жылғы 15 қазанға дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасының кеден қызметiн автоматтандыру жобасын таңдау жөнiнде тендер өткiзсiн және тендердiң нәтижесi туралы 1996 жылғы 18 қазанына дейiн Қазақстан Республикасы Үкiметiне хабарласын;

      3. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi:

      бiр апта мерзiмде Ведомствоаралық комиссияға Қазақстан Республикасының кеден органдарын автоматтандыру жобасына негiзгi талаптар бойынша ақпарат берсiн;

      тендердiң нәтижелерi жарияланғаннан кейiн бiр апта мерзiмде Қазақстан Республикасының кеден органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесiн құру тендерiнiң жеңiмпазымен шарт жасасын.

      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi тендердiң нәтижелерi жарияланғаннан кейiн бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының кеден органдарын автоматтандыру жобасын қаржыландыру көздерiн айқындасын және қамтамасыз етсiн.

      Премьер-Министр

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
1996 жылғы 7 қазандағы
N 472 өкiмiне
Қосымша

Қазақстан Республикасының Кеден органдарын автоматтандыру жобасына тендер өткiзу жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның ҚҰРАМЫ

      Шөкеев Ө.Е. - Қазақстан Республикасының Экономика министрi, төраға

      Мыңбаев С.М. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң орынбасары,

      төрағаның орынбасары

      Комиссия мүшелерi:

      Айдарханов М.Б. - Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы

      информатика және басқару проблемалары институтының

      директоры

      Грязнов В.Г. - Қазақстан Республикасы Кеден комитетi автоматтандыру және

      кеден статистика басқармасының бастығы

      Майдыров С.Ғ. - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппараты Экономикалық

      саясат бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары

      Оспанов Х.А. - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрiнiң

      орынбасары

      Сиротюк В.О. - Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы

      информатика және басқару проблемалары институтының

      лаборатория меңгерушiсi

      Төреқұлов А.Т. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бас есептеу

      орталығының директоры

      Шигаев М.Н. - Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгi ақпараттық жүйенi

      дамыту және технологиялық даму экономикасы басқармасының

      бастығы

      Шнитковский А.А. - Қазақстан Республикасы Кеден комитетi төрағасының

      орынбасары

      Шоқаманов Ю.К. - Қазақстан Республикасы Статистика және талдау жөнiндегi

      мемлекеттiк комитетi төрағасының орынбасары

Об утверждении состава Межведомственной комиссии по проведению тендера на проект автоматизации таможенных органов

Распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 7 октября 1996 г. N 472-р.

      Во исполнение постановления Правительства Республики Казахстан от 12 сентября 1996 г. N 1112 P961112_ "О мерах по усовершенствованию работы таможенных органов Республики Казахстан":

      1. Утвердить состав Межведомственной комиссии по проведению тендера на проект автоматизации таможенных органов Республики Казахстан согласно приложению.

      2. Межведомственной комиссии:

      разработать и утвердить положение об организации тендера на проект автоматизации таможенных органов Республики Казахстан;

      подготовить тендерное задание на проект автоматизации таможенных органов Республики Казахстан;

      провести тендер по выбору проекта автоматизации таможенной службы Республики Казахстан в срок до 15 октября 1996 года и о результатах тендера информировать Правительство Республики Казахстан до 18 октября 1996 года.

      3. Таможенному комитету Республики Казахстан:

      в недельный срок представить Межведомственной комиссии информацию по исходным требованиям на проект автоматизированной информационной системы таможенных органов Республики Казахстан;

      в недельный срок после объявления результатов тендера заключить контракт с победителем тендера на создание автоматизированной информационной системы таможенных органов Республики Казахстан.

      4. Министерству финансов Республики Казахстан в месячный срок после объявления результатов тендера определить и обеспечить источники финансирования проекта автоматизации таможенных органов Республики Казахстан.


      Премьер-Министр


  Приложение
 
 
  к распоряжению Премьер-Министра
Республики Казахстан
от 7 октября 1996 г. N 472-р
 
 
  Состав
 
  Межведомственной комиссии по проведению
  тендера на проект автоматизации таможенных
  органов Республики Казахстан

      Шукеев У.Е. - Министр экономики Республики Казахстан,

      председатель


      Мынбаев С.М. - заместитель Министра финансов Республики

      Казахстан, заместитель председателя


      Члены комиссии:


      Айдарханов М.Б. - директор Института проблем информатики

      и управления Министерства науки -

      Академии наук Республики Казахстан


      Грязнов В.Г. - начальник Управления автоматизации и

      таможенной статистики Таможенного

      комитета Республики Казахстан


      Майдыров С.Г. - заместитель заведующего Отделом

      экономической политики Аппарата

      Правительства Республики Казахстан


      Оспанов Х.А. - заместитель Министра промышленности

      и торговли Республики Казахстан


      Сиротюк В.О. - заведующий лабораторией Института

      проблем информатики и управления

      Министерства науки - Академии наук

      Республики Казахстан


      Турекулов А.Т. - директор Главного вычислительного

      центра Министерства финансов

      Республики Казахстан


      Шигаев М.Н. - начальник Управления развития

      информационных систем и экономики

      технологического развития Министерства

      экономики Республики Казахстан


      Шнитковский А.А. - заместитель Председателя Таможенного

      комитета Республики Казахстан


      Шокаманов Ю.К. - заместитель Председателя

      Государственного комитета Республики

      Казахстан по статистике и анализу