1. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi мен Ақмола облысы әкiмiнiң көп балалы отбасы балаларына, балалар үйлерiнде, мектеп-интернаттарда тәрбиеленушiлерге және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Жаңа жылдық Президент шыршасын 1996 жылдың 27 желтоқсанында Ақмола қаласында өткiзу жөнiндегi ұсынысы қабылдансын.
2. Президент шыршасын әзiрлеу және оны өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру комитетiнiң құрамы 1-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiне Президент шыршасын өткiзуге "Бiлiм беру және кадрларды кәсiптiк даярлау" 200-бөлiмi бойынша шығыстарды нақтылау есебiнен 10 (он) млн. теңге бөлсiн.
4. Облыстардың, Алматы қаласының әкiмдерi:
Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiмен бiрлесiп Жаңа жылдық Президент шыршасына аталған санатқа жататын 9-13 жастағы оқу озаттарын, белсендi және дарынды балаларды жiберудi 2-қосымшаға сәйкес қамтамасыз етсiн;
балаларды алып келушiлердiң iссапарына, балалардың бару-қайту жолақылары мен жолда тамақтануға арналған шығыстарды жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен төлеудi ұсынсын.
5. Ақмола облысының әкiмi, Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi, Өнеркәсiп және сауда министрлiгi, Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi, Мәдениет министрлiгi, Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгi, Денсаулық сақтау министрлiгi, Қазтұтынуодағы, "Қазақстан әуе жолы", "Эйр Казахстан" ұлттық акционерлiк авиакомпаниялары, "Қазақстан теледидары мен радиосы" республикалық корпорациясы Жаңа жылдық Президент
шыршасын тиiсiнше әзiрлеп, өткiзудi қамтамасыз етсiн. 6. Президент шыршасын өткiзуге қатысатын министрлiктер мен ведомстволардың қызметтерiн үйлестiру Қазақстан Республикасы Үкiмет Аппаратының Әлеуметтiк-мәдени даму бөлiмiне жүктелсiн. Премьер-Министр Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1996 жылғы 25 қарашадағы N 533 өкiмiне 1-қосымша Президент шыршасын әзiрлеу және оны өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру комитетiнiң ҚҰРАМЫ Жұрынов М.Ж. - Қазақстан Республикасының Бiлiм министрi, төраға Браун А.Г. - Ақмола облысының әкiмi, төрағаның орынбасары Құсайынов А.А. - Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппаратының жауапты қызметкерi Ұйымдастыру комитетiнiң мүшелерi: Беркiмбаева Ш.К. - Қазақстан Республикасы Бiлiм министрiнiң орынбасары Власов Н.А. - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң орынбасары Дүйсекеев А.Д. - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң орынбасары Дмитриенко Е.А. - Ақмола облыстық бiлiм басқармасының бастығы Дорожкина Л.А. - Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң оқу-әдiстемелiк тәрбие жұмысы бөлiмiнiң бастығы Жалмағамбетова С.Ж. - Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары Құлназаров А.К. - Қазақстан Республикасы Жастар iсi туризм және спорт министрiнiң бiрiншi орынбасары Кутовой В.И. - Қазақстан Республикасы Мәдениет министрiнiң орынбасары Мұхамеджанов Қ.С. - Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрiнiң орынбасары Назмутдинов И.Г. - "Қазақстан әуе жолы" ұлттық акционерлiк авиакомпаниясының сенiмдi басқарушысы Сандыбаев А.Ө. - "Қазақстан теледидары мен радиосы" республикалық корпорациясының бiрiншi вице-президентi Тоқсейтов Р.Қ. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң орынбасары Хлыновская В.И. - Республикалық Оқушылар Сарайы директорының орынбасары Шевелев В.В. - Қазақтан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрiнiң орынбасары Әлмұхамбетов Б.А. - Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппаратының жауапты қызметкерi Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1996 жылғы 25 қарашадағы N 533 өкiмiне 2-қосымша Президент шыршасына қатысушылардың САНДЫҚ ҚҰРАМЫ Барлық қатысушылар - 320 Оның iшiнде: мектеп оқушылары - 200 алып келушiлер - 20 шақырылғандар - 100 _________________________________________________________________ Облыстар | Балалар |Алып |Шақырылғандар | саны |келушiлер | _________________________________________________________________ Ақмола | 10 | 1 | Ақтөбе | 10 | 1 | Алматы | 10 | 1 | Атырау | 10 | 1 | Шығыс Қазақстан | 10 | 1 | Жамбыл | 10 | 1 | Жезқазған | 10 | 1 | Батыс Қазақстан | 10 | 1 | Қарағанды | 10 | 1 | Қызылорда | 10 | 1 | Көкшетау | 10 | 1 | Қостанай | 10 | 1 | Маңғыстау | 10 | 1 | Павлодар | 10 | 1 | Солтүстiк Қазақстан| 10 | 1 | Семей | 10 | 1 | Талдықорған | 10 | 1 | Торғай | 10 | 1 | Оңтүстiк Қазақстан | 10 | 1 | Алматы қаласы | 10 | 1 | ____________________________________________________________ Жиыны | 200 | 20 | 100