Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1997 жылғы тамыздағы N 255
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi
мемлекеттiк комитетiнiң апаттық су басу нәтижесiнде зардап шеккен
Польша халқына 130 тонна I сорт ұн (екi темiр жол вагоны) беру түрiнде
iзгiлiк көмек көрсету туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң табиғи және техногендiк
сипаттағы төтенше жағдайларды жоюды қоса алғанда, төтенше жағдайлар
мен шараларды қаржыландыруға арналған резерв қорынан:
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi
мемлекеттiк комитетiне - ұн сатып алумен және тиеумен байланысты
шығыстарды өтеуге 3,0 (үш) миллион теңге;
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар
министрлiгiне - Польша халқына iзгiлiк жүктi тасымалдаумен
байланысты шығыстарды өтеуге 500 (бес жүз) мың теңге бөлiнсiн.
3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар
министрлiгi iзгiлiк көмек бар вагондарды уақтылы берудi, жөнелтудi
және Алматыдан Беларусь Республикасының Брест темiр жол станциясына
дейiн жеткiзудi қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi аталған
iзгiлiк көмек жүгiн Польша аумағында күтiп алуды және оны
тағайындалуы бойынша берудi ұйымдастырсын.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жоғарыда аталған
мақсаттарға бөлiнген қаражаттың үстiнен қосымша шығыстар пайда болған
жағдайда Қазақстан Республикасының Үкiметiне тиiстi ұсыныс енгiзсiн.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржы бақылау
комитетi бөлiнетiн қаражаттың мақсатқа сай пайдаланылуына бақылауды
қамтамасыз етсiн.
Премьер-Министр
Об оказании гуманитарной помощи населению Польши
Распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 1 августа 1997 г. N 255-р
1. Принять предложение Государственного комитета Республики
Казахстан по чрезвычайным ситуациям об оказании гуманитарной помощи
населению Польши, пострадавшему в результате катастрофического
наводнения, в виде поставки 130 тонн муки I сорта (два
железнодорожных вагона).
2. Выделить из резервного фонда Правительства Республики
Казахстан для финансирования чрезвычайных ситуаций и мероприятий,
включая ликвидацию чрезвычайных ситуаций природного и техногенного
характера:
Государственному комитету Республики Казахстан по чрезвычайным
ситуациям - 3,0 (три) млн. тенге на возмещение расходов, связанных с
закупкой и погрузкой муки;
Министерству транспорта и коммуникаций Республики Казахстан -
500 (пятьсот) тысяч тенге на возмещение расходов, связанных с
транспортировкой гуманитарного груза населению Польши.
3. Министерству транспорта и коммуникаций Республики Казахстан
обеспечить своевременную поставку, отправку и доставку вагонов с
гуманитарной помощью из Алматы до железнодорожной станции Брест,
Республика Беларусь.
4. Министерству иностранных дел Республики Казахстан
организовать встречу груза указанной гуманитарной помощи на
территории Польши и передачу его по назначению.
5. Министерству финансов Республики Казахстан, в случае
возникновения дополнительных расходов на вышеуказанные цели сверх
выделенных средств, внести в Правительство Республики Казахстан
соответствующее предложение.
6. Комитету финансового контроля Министерства финансов
Республики Казахстан обеспечить контроль за целевым использованием
выделяемых средств.