Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 16 мамырдағы
N 144
өкiмiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1-тармақтың екiншi абзацындағы "1997 жылдың 25 мамырына дейiн"
деген сөздер алынып тасталсын, "Комиссия құрсын" деген сөздер
"Ведомствоаралық несие комиссияның құрамын бекiтуге ұсынсын" деген
сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
"2. Ведомствоаралық несие комиссиясы мына құрамда бекiтiлсiн:
А.М.Шоқпытов - Қазақстан Республикасының
Энергетика, индустрия және сауда
вице-министрi, төраға
Комиссиясының мүшелерi:
Ғ.Б.Тоқсанбаев - Қазақстан Республикасының Әдiлет
министрлiгi Заңдар және
халықаралық құқық департаментi
директорының орынбасары
Б.М.Мәдиев - Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк
және жекешелендiру департаментi
директорының орынбасары
Д.Н.Айтжанов - Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлiгiнiң Бюджет департаментi
несиелеу басқармасының бастығы
2-тармақ 3-тармақ болып есептелсiн.
Премьер-Министр