Қазақстан Республикасының Президентiне Астана қаласын дамыту мәселелерi жөнiнде болып өткен кеңестiң 1998 жылғы 21 мамырдағы N И-183 хаттамалық шешiмiн орындау үшiн:
1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi мен Қаржы министрлiгi Астана қаласының әкiмiмен бiрлесе отырып:
2-жылу электр орталығын (N 4 турбоагрегат және N 6 қазандықагрегатты) кеңейту жөнiнде шаралар қабылдасын;
отынның, материалдардың қажеттi көлемiн сатып алуды және жөндеу науқанын өткiзудi қаржыландыру мүмкiндiгiн қарастырсын;
1999 жылға 110/10 кВт ауқымды енгiзу көмекшi станциясын (Бизнес-Орталық құрылысы ауданы) iске қосуды белгiлесiн.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Қаржы министрлiгiнiң қатысуымен 1999 жылдың II тоқсанында айналма шеңбер жолды пайдалануға берудi және Алматы-Астана-Көкшетау автострадасын қайта жаңартуды қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi Ақмола облысының әкiмiмен бiрлесе отырып, Астана қаласының коммуналдық меншiгiне Балалар мен жасөспiрiмдердiң шығармашылық сарайын, автовокзалды, халықтық бiлiм беру объектiлерi мен мұражайларды беру туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасын белгiленген тәртiппен енгiзсiн.
4. Астана қаласының әкiмi, Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi, Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасымен келiсе отырып, Евразия университетiнiң ғимаратын, Ұлттық музейдi және спорт кешенiн 1998 жылы әзiрлеудi және 1999 жылы iске қосуды қамтамасыз етсiн.
5. Астана қаласының әкiмi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасымен келiсе отырып "Есiл" қонақ үйiн ("Президент-Отель"), "ЦУМ" сауда орталығын қайта жаңартуды және 40 қабатты Бизнес-Орталық салуды көздейтiн болсын.
6. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Тұрғын үй және құрылыс саясаты жөнiндегi комитетi, Астана қаласының әкiмi және Астананың жаңа орталығының бас жоспарының нобай-идеясына халықаралық конкурс өткiзу жөнiндегi үкiметтiк комиссия:
1998 жылдың 1 шiлдесiне дейiн Астана қаласының 1999 жылға арналған құрылысының бағдарламасын ұсынсын;
1998 жылдың 1 қазанына дейiн жаңа қаланың бас жоспары жөнiндегi конкурсты аяқтасын.
7. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен Қаржы министрлiгi Ақмола облысының және Астана қаласының әкiмдерiмен бiрлесе отырып, "Ертiс-Қарағанды" каналынан суды Есiл өзенiне аудару мәселесiн шешсiн және қаланы сумен жабдықтауды жақсарту жөнiнде шаралар қабылдасын. Қазақстан Республикасының Үкiметiне қала тұрғындарының демалысын ұйымдастыру үшiн қала маңында су қоймасын жасау жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.
8. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен Ақмола облысының әкiмi Астана қаласындағы және iргелес аумақтағы отырғызылған ағаштарды сақтау мен суару жөнiнде шаралар қабылдасын.
Премьер-Министр