Мемлекет мүдделерiн қамтамасыз ету және акциялардың мемлекеттiк бақылау пакеттерi бар жекелеген акционерлiк қоғамдардың және "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының несие ресурстарын тартуын ретке келтiру мақсатында:
1. "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына қатысты Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы", "ҚазТрансОйл" ұлттық акционерлiк мұнай құбыры компаниясы", "Қазатомпром" ұлттық акционерлiк компаниясы", "КЕGОС", "Эйр Казахстан", "Мемазықтүлiккорпорациясы" акционерлiк қоғамдарына қатысты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi заңдарда белгiленген тәртiппен:
аталған ұйымдардың бiрiншi басшыларына несие ресурстарын тарту туралы шарттарды жасасуды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсу мiндеттемелерiн жүктеудi;
бiрiншi басшыларға Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi әзiрлеген және бекiткен ережеде көзделген несие ресурстарын тарту туралы ақпаратты бермегенi және уақтылы бермегенi үшiн жауапкершiлiктi жүктеудi;
жарғыларды аталған ұйымдар органдарының (директорының, президентiнiң, басқармасының, байқаушы кеңесiнiң) осы ұйымдардың мүлкiне билiк жүргiзу (иелiктен алу, кепiлге беру) жөнiндегi құқықтық мүмкiндiктерiн барынша аз мөлшерге дейiн қысқарту бөлiгiнде өзгертудi қамтамасыз етсiн.
2. Осы өкiмнiң 1-тармағының төртiншi абзацының орындалғаны туралы 1998 жылдың 16 маусымына дейiн Үкiметке ақпарат берiлсiн.
Премьер-Министрi