Мемлекет мүддесін қамтамасыз ету және мемлекеттік бақылау пакет акциялары бар жекелеген акционерлік қоғамдар мен "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қызметін ретке келтіру мақсатында:
1. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қатысты, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті "ҚазақОйл" ұлттық мұнайгаз компаниясы", " ҚазТрансОйл" ұлттық мұнай құбыры компаниясы", "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық акционерлік компаниясы", "КЕGОС", "Эйр Қазақстан", "Мемазық-түліккорпорациясы" акционерлік қоғамдарына қатысты заңда белгіленген тәртіппен:
аталған ұйымдардың инвестициялық бағдарламалары, қарыз алу жоспарлары мен тарифтік саясатты белгілеу жөніндегі тәсілдері (ұйымдар-табиғи монополистер үшін) орта мерзімді индикативтік даму жоспарларын (3-4 жылға) әзірлеуді;
әзірленген жоспарларды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен, Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігімен және басқа да мүдделі министрліктермен және ведомстволармен келісуді;
келісілген жоспарларды мақұлдау үшін 1998 жылдың 10 шілдесіне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынуды;
мақұлданған жоспарларды бекітуді қамтамасыз етсін.
2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің бірінші орынбасары О.Ә.Жандосовқа жүктелсін.
Премьер-Министр