"Үлбі металлургия зауыты" акционерлік қоғамы мен "BRGL Economic Enterprises Ltd" компаниясы (Израиль) арасында 1994 жылғы 3 қазанда жасалған кредиттік келісімге сәйкес ресімделген 180 тонна танталды уақытша әкету мерзімінің өтуіне байланысты:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кеден комитеті 180 тонна танталды уақытша әкету мерзімін 1999 жылғы 1 сәуірге дейін ұзартсын.
2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қаржы министрлігімен бірлесіп 1999 жылдың 1 қаңтарына дейін "BRGL Economic Enterprises Ltd" компаниясымен сот талқылауының орындылығын айқындасын.
3. Осы өкімнің орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрі М.Қ.Әблязовке жүктелсін.
Премьер-Министр