"Ертіс химия-металлургия зауыты" акционерлік қоғамының қаржы-экономикалық жағдайының нашарлануына байланысты:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті "Ертіс химия-металлургия зауыты" акционерлік қоғамында оңалту шараларын жүргізу жөнінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті мен "Құндыбай" акционерлік қоғамының арасында жасалған 1998 жылғы 25 ақпандағы N 106/98-р келісім-шарт бойынша міндеттемелерді "Құндыбай" акционерлік қоғамының бұзуы фактілері болған жағдайда аталған келісім-шартты бұзуға қажетті барлық шараларды кідіріссіз, заңдарда белгіленген тәртіппен қабылдасын.
2. Осы өкімнің орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.С. Павловқа жүктелсін.
Премьер-Министр