1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасы
Президентінің 1998 жылғы 30 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында
айтқан тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес
Павлодар облысы бюджетінің кіріс бөлігінің қанағаттанғысыз орындалуының
және бюджеттік мекемелер қызметкерлеріне жалақы төлеу жөніндегі берешектің
себептерін зерделеу үшін мына құрамда комиссия құрылсын:
Ким Галина Николаевна - Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Бюджет департаменті
аумақтық бюджеттерді басқару бөлімінің
бастығы, төрайым
Әміров Ұзақбай - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс
Әзілханұлы министрлігінің Салық комитеті салық
аудиті басқармасының бас салық
инспекторы
Гордина Марина - Қазақстан Республикасы Қаржы
Анатольевна министрлігінің Қазынашылық
департаменті бюджеттің кассалық
атқарылуын бақылау жөніндегі
басқармасының жетекші қазынашысы
2. Комиссия Павлодар облысына барып тексеру жүргізсін және оның
нәтижелері бойынша 1998 жылдың 29 желтоқсанына дейін ақпарат әзірлесін.
Премьер-Министр
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Икебаева А.