Қазақстан эономикасына Корей Республикасынан инвестицияларды қосымша тарту, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Корей Республикасының арасындағы экономикалық, мәдени байланыстарды одан әрі кеңейту және нығайту мақсатында:
1. Қазақстан корейлері ассоциациясының 1999 жылдың екінші жартыжылдығында бюджеттен тыс қаражаттың есебінен Қазақстан Республикасында Корей Республикасының Күндерін өткізу туралы бастамашылығына қолдау көрсетілсін.
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Сыртқы істер министрлігімен, Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігімен және Қазақстан корейлері ассоциациясымен (келісім бойынша) бірлесіп Қазақстан Республикасындағы Корей Республикасының Күндерін дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетін (бұдан әрі - Ұйымдастыру комитеті) құрсын.
3. Ұйымдастыру комитетіне Қазақстан Республикасындағы Корей
Республикасының Күндерін дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралардың
жоспарын жасау және бекіту тапсырылсын.
4. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен
облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері Ұйымдастыру
комитетіне Қазақстан Республикасындағы Корей Республикасының Күндерін
дайындауға және өткізуге қажетті көмек көрсетсін.
Премьер-Министр
Оқығандар:
Орынбекова Д.
Қобдалиева Н.