Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Астық сатып алу және ауыфл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау жөніндегі кейбір шаралар туралы" 1998 жылғы 5 қазандағы № 998 қаулсыс шарттарының орындалуына тексеру жүргізу мақсатында:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен астық қабылдау кәсіпорындарындағы мемлекет сатып алған астыққа, оны сатып алу мен сақтаудың жағдайларына тексеру жүргізсін, жұмыстың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп ұсынсын.
2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.
Премьер-Министр