1998 жылғы тамызда "Аджип Қарашығанақ Б.В." және "Бритиш Газ
эксплорейшн энд Продакшн Лимитед" компанияларының филиалдарын салықтық
тексерудің нәтижесінде пайда болған келіспеушіліктерді қарау мақсатында:
1. Мына құрамда ведомствоаралық комиссия құрылсын:
Кәкімжанов Зейнолла - Қазақстан Республикасының
Халидоллаұлы Мемлекеттік кіріс министрі,
Комиссияның төрағасы
Сәйденов Әнуар - Қазақстан Республикасы
Ғалимоллаұлы Инвестициялар жөніндегі
агенттігінің төрағасы, Комиссия
төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Ертілесова Жанат - Қазақстан Республикасының
Жұрғалиқызы Қаржы бірінші вице-министрі
Досаев Ерболат - Қазақстан Республикасының
Асқарбекұлы Энергетика, индустрия және
сауда вице-министрі
Уәйісов Мерей - Қазақстан Республикасының
Құрманұлы Әділет вице-министрі
Қаппаров Нұрлан - "Қазақойл" ұлттық мұнайгаз
Жамбылұлы компаниясының президенті
2. Комиссия 1999 жылдың 25 сәуіріне дейін мерзімде:
- компаниялардың уәкілетті өкілдерімен аталған мәселе бойынша
көзқарастарды және пайда болған келіспеушіліктерді шешудің жолдарын
айқындау үшін келіссөздер жүргізсін;
- келісім-шарттардың терминдері мен редакцияларының мәндерін айқындау
жөнінде келісілген көзқарастарға келсін;
- қажет болған жағдайда жер қойнауын пайдалануға арналған келісім
шарттарға мүмкін болатын өзгерістер енгізуді айқындасын;
- жүргізілген салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша бюджеттік
міндеттемелер жөнінде келісілген ұсыныстар енгізсін.
3. 1999 жылдың 1 мамырына Қазақстан Республикасының Үкіметіне жасалған
жұмыс туралы ақпарат ұсынсын.
Премьер-Министр
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.