Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Астана қаласын 1999 жылы
дамыту туралы" 1999 жылғы 24 ақпандағы N 161
қаулысын іске асыру
мақсатында:
1. Мына құрамда Астана қаласында объектілердің құрылысын салу мен
оларды пайдалануға қосудың барысын бақылау жөнінде жедел штаб (бұдан
әрі - Жедел штаб) құрылсын:
Жақсыбеков Әділбек - Астана қаласының әкімі, Астана
Рыскелдіұлы қаласы арнайы экономикалық
аймағы әкімшілік кеңесінің
төрағасы, штаб жетекшісі
Кешубаев Ғалиаусат - Қазақстан Республикасы
Қайырбекұлы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының
орынбасары, штаб жетекшісінің
орынбасары
Галимов Фарид - Астана қаласы әкімінің бірінші
Хабибрахманович орынбасары, штаб жетекшісінің
орынбасары
Жедел штабтың мүшелері:
Нұрпейісов Болат - Қазақстан Республикасы
Ғазизұлы Президентінің Іс Басқармасы
басқарушысының орынбасары
(келісім бойынша)
Жәмішев Болат - Қазақстан Республикасының
Бидахметұлы Қаржы вице-министрі
Ыдырысов Ерлан - Қазақстан Республикасының
Әбілфайызұлы Сыртқы істер бірінші вице-министрі
Власов Николай - Қазақстан Республикасының Ішкі
Афанасьевич істер вице-министрі
Шацков Владимир - Қазақстан Республикасы Қарулы
Александрович Күштерінің Бас штабы
бастығының орынбасары
Кәрібжанов Қайрат - Қазақстан Республикасының
Сәлімұлы Көлік, коммуникациялар және
туризм вице-министрі
Отаров Қадырхан - Қазақстан Республикасының Ауыл
Махмұтұлы шаруашылығы вице-министрі
Әбітаев Есберген - Қазақстан Республикасының
Әбітайұлы Энергетика, индустрия және сауда
бірінші вице-министрі
Бектұрғанов Нұралы - Қазақстан Республикасының
Сұлтанұлы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
келісім вице-министрі
Ойнаров Азамат - Қазақстан Республикасының
Рысқұлұлы Экономикалық жоспарлау
жөніндегі агенттігі төрағасының
орынбасары
Алпысбеков Қуаныш - Ақмола облысы әкімінің бірінші
Махмұтұлы орынбасары
2. Жедел штабтың негізгі міндеті аумақтарда құрылыс салуды мемлекеттік реттеуге қазіргі заманғы ыңғайларды ескере отырып Астана қаласында және оның ықпалындағы аймақта үйлер мен ғимараттардың және олардың кешендерінің, жайластыру және көгалдандыру объектілерінің құрылысын салу, оларды қайта жаңарту жөніндегі жұмысты үйлестіру болып белгіленсін.
3. Жедел штаб:
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 ақпандағы N 161 қаулысымен белгіленген объектілерді ведомстволық тиесілігіне қарамастан қайта жаңарту мен олардың құрылысын салудың барысын бақылауды жүзеге асырады;
- тапсырысшылардың (құрылыс салушылардың) олардың объектілері құрылысының барысы туралы есептерін тыңдайтын, жедел мәселелерді қарайтын өзінің отырыстарын ұдайы (кемінде айына бір рет) өткізеді;
- Үкіметке Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 24
ақпандағы N 161 қаулысын іске асырудың барысы туралы ақпарат ұсынады;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына Астана қаласындағы
және оның ықпалы аймағындағы объектілердің құрылысын салу және оларды
қайта жаңарту мәселелері бойынша ұсыныс енгізеді.
4. Жедел штабқа өзінің жұмысына Астана қаласындағы объектілердің
құрылысын салу және оларды қайта жаңарту жөніндегі мәселелерді шешуге
министрліктер мен ведомстволардың жауапты қызметкерлерін тарту құқығы
берілсін.
Премьер-Министр
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.