Мемлекет басшысының Парламент Палаталарының 1999 жылғы 31
наурыздағы бірлескен мәжілісінде сөйлеген сөзінен туындайтын
міндеттерді жүзеге асыру және орталық және жергілікті атқарушы
органдарда қызметтік автомобильдер паркін пайдаланудың оңтайлығы мен
тәртібі мәселелері бойынша тексерулер ұйымдастыру мақсатында:
1. Мына құрамда комиссия құрылсын:
Жандосов Ораз Әлиұлы - Премьер-Министрдің
орынбасары, Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі, төраға
Жәмішев Болат Бидахметұлы - Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
орынбасары, төрағаның
орынбасары
Комиссия мүшелері:
Құзатбеков Науатбек Бұлтбекұлы - Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі Кеңсесінің
Ұйымдастыру, бақылау және
қауіпсіздік бөлімі
меңгерушісінің орынбасары
Боранбаева Жаннат Жақанқызы - Қазақстан Республикасы
Көлік, коммуникациялар
және туризм министрлігінің
Автомобиль көлігі
департаментінің директоры
Полонский Александр Иванович - Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігінің Жол
полициясы департаменті
бастығының орынбасары
Ибрашов Темірхан Назарұлы - Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Меморгандарының әкімшілік
шығыстары басқармасының
бастығы
Тұмабекова Кәмилаш - Қазақстан Республикасының
Әбдікәрімқызы Премьер-Министрі Кеңсесінің
Қаржы-экономикалық сараптама
бөлімінің консультанты
Нұрабаева Әсия Қойшыбайқызы - Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды
реттеу және бәсекелестікті
қорғау жөніндегі агенттігінің
Монополияға қарсы заңдарды
қадағалау жөніндегі
департаментінің директоры
Таланов Василий Петрович - Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес жөніндегі мемлекеттік
комиссиясының мемлекеттік инспекторы
(келісім бойынша)
Тәжіғұлов Марат Қармысбайұлы - Қазақстан Республикасы Бас
Прокуратурасының қаржы
органдарының заңдарды қолдануын
қадағалау жөніндегі басқармасының
аға прокуроры (келісім бойынша)
Мұхамедияров Марат Елжасұлы - Қазақстан Республикасының
Президенті Іс басқармасының
құрылымдық бөлімшелерді
үйлестіру бөлімінің меңгерушісі
(келісім бойынша)
2. Министрліктер, агенттіктер мен ведомстволар, облыстардың,
Астана және Алматы қалаларының әкімдері тексеруді ұйымдастыру үшін
комиссияға қажетті материалдарды ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Комиссия 1999 жылғы 1 мамырға дейін орталық және жергілікті
атқарушы органдарда қызметтік автомобильдер паркін пайдалану бойынша
тексерулерді ұйымдастырсын және оның нәтижелерін Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне беруді қамтамасыз етсін.
Премьер-Министр