1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгі мен "Шебер-ралли-99" халықаралық ұйымдастыру комитетiнiң 1999 жылдың 27-30 шiлдесi аралығында Мәскеу - Баку - Стамбул бағыты бойынша "Шебер-ралли-99" Әлем кубогы үшiн халықаралық автомотомарафонның (бұдан әрi - автомотомарафон) кезеңiн Қазақстан Республикасының Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының аумағында өткiзу туралы бiрлескен ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгiмен өзара iс-қимылда автомотомарафонның Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ұйымдасқан түрде өтуiн қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгі, Қазақстан Республикасының Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгi, "Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлігінiң Кеден комитетi, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстарының әкiмдерi Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгі мен "Шебер-ралли " халықаралық комитетiне аталған iс-шараны өткiзуге жәрдем көрсетсiн.
4. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған
ортаны қорғау министрлігі автомотомарафонның кезеңi Қазақстан
Республикасының аумағы бойынша өткiзiлген кезде экологиялық бақылауды
қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
келiсiм министрлігі автотомарафонның Қазақстан Республикасының аумағы
бойынша кезеңнің бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсiн.
Премьер-Министр
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М
Омарбекова А.Т.