Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 17 тамыздағы N 156 өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
даулы аумақтар туралы мәселені шешу үшін комиссияның құрамына Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Жекешелендіру және мемлекеттік мүлік комитетінің төрағасы Әбілғазин Данияр Рүстемұлы төраға болып енгізілсін;
Павлов Александр Сергеевич пен Ержанов Оразалы Сәнтайұлы көрсетілген
құрамнан шығарылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Комиссия 1999 жылдың 1 қыркүйегіне дейін мерзімде көрсетілген
компаниялардың арасындағы даулы мәселелерді реттеу жөніндегі шешімнің
жобасын дайындасын және Қазақстан Республикасының Үкіметіне белгіленген
тәртіппен енгізсін"
Премьер-Министр
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Икебаева А.Ж.