Лицензиялау мәселелері

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімі 1999 жылғы 19 тамыз N 122-ө

      Үкіметтің нормативтік құқықтық актілерін лицензиялау қатынастарын реттейтін заң актілерімен сәйкестікке келтіру мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі:
      орталық атқарушы органдармен және ведомстволармен бірлесіп Қазақстан Республикасының Үкіметіне бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің "Лицензиялау туралы" Z952200_ заң күші бар Жарлығы мен лицензиялау туралы басқа да заң актілеріне сәйкес лицензиялау мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі қаулының жобасын енгізсін;
      Қазақстан Республикасының Үкіметін орталық және жергілікті атқарушы органдар, ведомстволар қабылдайтын актілерінің қолданылып жүрген заңдарға сәйкестігі туралы үнемі хабардар етіп отырсын.
      2. Жергілікті атқарушы органдар өз нормативтік құқықтық актілерін, лицензиялау туралы заңдарға сәйкес келтіру жөнінде жұмыс жүргізсін.
      3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар:
      қабылданатын және әзірленетін нормативтік құқықтық актілердің Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкестігіне айтарлықтай назар аударсын және мұндай жолсыздықтарды болдырмасын;

 

     заң актілеріне сәйкес өзгерістер мен толықтыруларды уақытында

енгізуді қамтамасыз етсін;

     лицензиялау туралы заңдардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарда

сақталуы жөнінде осы ұйымдарда тексеріс жүргізсін.


     Премьер-Министр



  Оқығандар:

  Қобдалиева Н.

  Омарбекова А.         





Вопросы лицензирования

Распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 19 августа 1999 года № 122-р

      В целях приведения в соответствие с законодательными актами, регулирующими отношения лицензирования нормативных правовых актов Правительства:
      1. Министерству юстиции Республики Казахстан:
      совместно с центральными исполнительными органами и ведомствами в месячный срок внести в Правительство Республики Казахстан проект постановления по внесению изменений и дополнений в нормативные правовые акты, регулирующие вопросы лицензирования в соответствии с Указом Президента Республики Казахстан, имеющим силу Закона, Z952200_ "О лицензировании" и другими законодательными актами о лицензировании;
      регулярно информировать Правительство Республики Казахстан о соответствии действующему законодательству актов, принимаемых центральными и местными исполнительными органами, ведомствами.
      2. Местным исполнительным органам провести работу по приведению в соответствие с законодательством о лицензировании своих нормативных правовых актов.
      3. Центральным и местным исполнительным органам:
      обратить серьезное внимание на соответствие разрабатываемых и принимаемых нормативных правовых актов Конституции Республики Казахстан, законам, указам Президента Республики Казахстан, постановлениям Правительства Республики Казахстан и не допускать таких нарушений;
      обеспечивать своевременное внесение изменений и дополнений в соответствии с законодательными актами;
      провести проверку в подведомственных организациях по соблюдению в этих организациях законодательства о лицензировании.
 
      Премьер-Министр
 

     (Специалисты: Склярова И.В.,

                   Кушенова Д.С.)