Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған қызметінің негізгі бағыттары мен басымдықтарына сәйкес және отандық өндірістің дамуына ықпал ететін импортты алмастырудың тиімді саясатын қалыптастыру мақсатында:
1. Орталық атқарушы органдар, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдері үстіміздегі жылдың 25 қарашасына дейін импортталатын тауарлар мен қызмет көрсетулердің құрылымын зерделесін және тауарлар топтары бойынша импортты алмастырудың мүмкіндіктері туралы қажеттіліктерді көрсете отырып, Қазақстан Республикасының Экономика министрлігіне өздерінің ұсынысын енгізсін.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі ұлттық компаниялармен бірлесіп шетелдерден импортталатын қосалқы бөлшектерге жинақтаушы тетіктерге (тораптарға), материалдарға қажеттілікті айқындасын және үстіміздегі жылдың 25 қарашасына дейін Қазақстан Республикасының Экономика министрлігіне оларды республикада шығару жөнінде ұсыныс енгізсін.
3. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті үстіміздегі жылдың 15 қарашасына дейін Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне 1998 жылғы және 1999 жылдың 1 жарты жылдығындағы негізгі тауарлар позициялары бойынша Қазақстан Республикасы импортының құрылымы жөніндегі деректерді ұсынсын, сондай-ақ осы деректер бойынша басқа да атқарушы органдарға және облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне сұрау салуды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдері 25 қарашаға дейін Қазақстан Республикасының Экономика министрлігіне тікелей инвестициялар мен заемдарды импортты алмастыру бағдарламасын іске асыруға тартудың мүмкіндіктері туралы ұсыныс енгізсін.
5. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі үстіміздегі жылдың
10 желтоқсанына дейін жүргізілген талдаудың негізінде Қазақстан
Республикасындағы импортты алмастыру саясаты тұжырымдамасының жобасын
әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесіне ұсынсын.
6. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары Д.К.Ахметовке жүктелсін.
Премьер-Министр
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.