2000 жылғы 24 қаңтарда Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне Қостанай облыстық сотының "Экономикалық дауларды шешу үшін аралық соттар туралы Үлгі ережені" конституциялық емес деп тану жөніндегі ұсынымы келіп түсті.
Конституциялық Кеңеске өтінім беруге "Қазақстан интернационалдық банкі" ААҚ-ның аралық соттың шешімін күштеп орындаттыруға сот бұйрығын беру туралы арызы бойынша облыстық соттың іс жүргізуінде жатқан N 295 азаматтық іс негіз болды.
Іс материалдары бойынша, Қазақстан Республикасы банктері Ассоциациясының жанындағы аралық соттың 1999 жылғы 26 қазандағы шешімімен ТПК "Иволга" ЖШС-нен "Қазақстан интернационалдық банкі" ААҚ-ның пайдасына теңге бағамымен 609 900 АҚШ доллары мөлшеріндегі айып төлеу және моральдық зиянды өтеуге 100000000 теңге өндірілген.
ТПК "Иволга" ЖШС-нің аралық сот шешімін ерікті түрде орындаудан бас тартуына орай, банк аралық сотқа өтініш берген, ал ол болса аралық соттың шешімін күштеп орындаттыруға сот бұйрығын беру жөнінде облыстық сотқа арыз жіберген.
Қостанай облыстық соты арызды ерекше іс жүргізу тәртібімен қарауға қабылдаған, соңынан өзінің 1999 жылғы 11 қарашадағы ұйғарымымен ерекше іс жүргізуді қысқартқан және арызды бұйрық арқылы іс жүргізуде қарауға ұйғарған. Қостанай облыстық соты 1999 жылғы 11 қарашадағы екінші ұйғарымымен, ҚР АІЖК-нің K990411_ 140-бабында олар бойынша сот бұйрығы шығарылатын талаптардың толық тізімі болғандықтан және онда аралық соттардың шешімдерін күштеп орындаттыруға бұйрықтарды беру көзделмегендіктен, бұйрықты беру жөніндегі арызды қанағаттандырудан бас тартқан. Одан тыс, бұйрықты беру жөніндегі арызға ҚР АІЖК-нің K990411_ 142-бабына сәйкес мемлекеттік баж төленуі тиіс.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының шаруашылық істер жөніндегі сот алқасының 1999 жылғы 15 желтоқсандағы N 8н-885-99 ұйғарымымен, Қостанай облыстық сотының шаруашылық істер жөніндегі сот алқасы судьясының N 295 азаматтық іс бойынша 1999 жылғы 11 қарашадағы ұйғарымдары жойылып, "Қазақстан интернационалдық банкі" ААҚ-ның аралық соттың шешімін күштеп орындаттыруға бұйрықты беру жөніндегі арызы жаңадан қарауға сол соттың өзіне басқа судьяға жіберілген.
Бұл ретте, Жоғарғы Соттың шаруашылық істер жөніндегі сот алқасы өзінің ұйғарымында бұйрықты беру жөніндегі арызды қарау кезінде Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 4 мамырдағы N 356 P930356_ қаулысымен бекітілген "Экономикалық дауларды шешу үшін аралық соттар туралы Үлгі ереженің" басшылыққа алынуы тиіс екендігін атап көрсеткен болатын.
Азаматтық істі жаңадан қарау кезінде, Қостанай облыстық соты осы іс бойынша қолданылуға тиісті нормативтік құқықтық акт - "Экономикалық дауларды шешу үшін аралық соттар туралы Үлгі ереже" адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына, атап айтқанда, әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына (13-баптың 2-тармағы), заң мен сот алдында жұрттың бәрінің теңдігі (14-баптың 1-тармағы), соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайтыны (26-баптың 3-тармағы), құқықтары мен бостандықтарын тек заңмен және Конституцияда көзделген мақсаттарда шектеу, сондай-ақ Конституцияның 13-15 баптарында көзделген құқықтар мен бостандықтардың ешбір жағдайда шектелмеуге тиіс (39-баптың 1, 3-тармақтары) секілді құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапқан.
Баяндалғанның негізінде, Конституцияның 78-бабын басшылыққа алып, Қостанай облыстық соты Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 4 мамырдағы N 356 P930356_ қаулысымен бекітілген "Экономикалық дауларды шешу үшін аралық соттар туралы Үлгі ережені" конституциялық емес деп тану туралы ұсыныммен Конституциялық Кеңеске өтініш берген.
Ұсынылған материалдарды, маманның - заң ғылымдарының докторы И.У.Жанайдаровтың қорытындысын, сондай-ақ Конституцияның, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" U952737_ конституциялық заң күші бар Жарлығының тиісті нормаларын зерделей келіп, Конституциялық Кеңес Қостанай облыстық сотының өтінімі мынадай негіздер бойынша қарала алмайды деген ұйғарымға келді.
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының K951000_ 78-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" U952737_ конституциялық заң күші бар Жарлығының 17-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Конституциялық Кеңес соттардың өтінімдерін егер қолданылуға тиісті заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт адамның және азаматтың баянды етілген конституциялық құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін жағдайда қарайды.
Өтінімнің мазмұнынан экономикалық дау жеке тұлғалар емес, екі заңды тұлғаның арасында туындағаны келіп шығады. "Экономикалық дауларды шешу үшін аралық соттар туралы Үлгі ереженің" 2-бабына сәйкес тек шаруашылық ұйымдары, яғни заңды тұлғалар аралық соттар шешетін экономикалық даулардың тараптары болып табылады. Сондықтан, Конституцияның 78-бабы назарға алатын "адам" және "азамат" ұғымдары шаруашылық ұйымдарына тарамайды. Конституциялық Кеңес осы тектес мәселені қарап, бұның алдында өзінің 1997 жылғы 17 қазандағы N 18/1 қаулысында түсіндірме берген болатын.
2. Конституциялық Кеңес дауласушы жақтардың бірінің аралық соттардың шешімдеріне бой ұсынудан бас тартқан жағдайларда шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасындағы экономикалық дауларды шешу кезінде іс жүзінде ұдайы келеңсіздіктер туындайтынын атап көрсетіп отыр. Заңдарды сараптау, қолданылып жүрген Азаматтық іс жүргізу кодексінің нормаларында аралық соттың шешімдерін орындаудың тиімді құқықтық механизмдері көзделмегендігін көрсетеді. Сондай-ақ, әлі заңдық күші жойылмаған, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 4 мамырдағы N 356 қаулысымен бекітілген "Экономикалық дауларды шешу үшін аралық соттар туралы Үлгі ереже" де аталмыш проблемаға тиісті түрде көңіл бөлерліктей түзетулерге ұшырамаған. Сондықтан, құқықтағы кемістікті жою қажеттілік болып табылады. Конституциялық Кеңестің мұндай өкілеттері жоқ, өйткені ол заң шығарушы және атқарушы билік тармақтарының ерекше құзыреті болып табылады. Парламенттің қолданылып жүрген Азаматтық іс жүргізу кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуі және Үкіметтің аралық соттың қызметін реттейтін заңға тәуелді актіні шығаруы заңды тұлғалардың арасындағы экономикалық дауларды және олардың бұзылған азаматтық құқықтарын қорғауды қараудың құқықтық базасын едәуір күшейткен болар еді.
Баяндалғанның негізінде және Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығының 30-бабы 1-тармағының 3) тармақшасын және 2-тармағын басшылыққа алып, Конституциялық Кеңес қаулы етеді:
1. Қостанай облыстық сотының Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 4 мамырдағы N 356 қаулысымен бекітілген "Экономикалық дауларды шешу үшін аралық соттар туралы Үлгі ережені" конституциялық емес деп тану туралы өтінімін қарау бойынша конституциялық іс жүргізу берілген өтінімнің Конституциялық Кеңеске ведомстволық қарасты болмауы себепті қысқартылсын.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясы K951000_ 74-бабының
3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшіне енеді, Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болып табылады және Қазақстан Республикасы Конституциясы 73-бабының 4-тармағында көзделген ретті ескеріп, шағымдануға жатпайды. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Мамандар: Қасымбеков Б.А. Омарбекова А.Т.