Ақмола облыстық сотының "Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін күшіне енгізу туралы" 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабын конституциялық емес деп тану жөніндегі ұсынымы туралы

Қаулы Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі 2000 жылғы 2 тамыз N 17/2

      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Конституциялық Кеңес Төрағасының мiндетiн атқарушы Н.I.Өкеев, Кеңес мүшелерi А.Есенжанов, А.К.Котов, Қ.Ә.Омарханов және В.Д.Шопин қатысқан құрамда, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік-құқық бөлімінің аға референті Т.Е.Нұғымановтың қатысуымен өзінің ашық отырысында Ақмола облыстық сотының "Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін K970167_ күшіне енгізу туралы" 1997 жылғы 16 шілдедегі Z970168_ Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабын конституциялық емес деп тану жөніндегі ұсынымын қарады.
      Қолдағы бар материалдарды, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университетінің қылмыстық құқық және процесс кафедрасының меңгерушісі - сарапшы Қ.Ж.Балтабаевтың қорытындысын зерделеп, баяндамашы А.Есенжановтың хабарын тыңдап, Конституциялық Кеңес мынаны анықтады:

      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне 2000 жылғы 3 шілдеде Ақмола облыстық сотының "Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін K970167_ күшіне енгізу туралы" 1997 жылғы 16 шілдедегі Z970168_ Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабын конституциялық емес деп тану жөніндегі ұсынымы келіп түсті.
      Ұсынымнан мәлім болғанындай, Ақмола облыстық сотының іс жүргізуінде, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің K970167_ адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша, бірнеше рет, үй-жайға кірумен, қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданумен жасалған қарақшылық үшін жауаптылықты көздейтін 179-бабы, 2-бөлігі, а), б), в), г) тармақтары бойынша Д.В.Васиневке айып тағу жөніндегі қылмыстық іс жатыр. Бұл іс Ақмола облысы Есіл ауданы прокурорының осы аудан сотының үкіміне келтірген наразылығы бойынша қабылданған болатын. Прокурордың наразылығында, сотталушының әрекеті, "Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін K970167_ күшіне енгізу туралы" 1997 жылғы 16 шілдедегі Z970168_ Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сай, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің, ұрлық немесе қорқытып алушылығы үшін бұрын екі немесе одан да көп рет сотталған адам жасаған қарақшылық үшін жауаптылықты көздейтін 179-бабы 3-бөлігінің
г) тармағы бойынша айқындалуы тиіс, деп көрсетілген.
      "Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін K970167_ күшіне енгізу туралы" 1997 жылғы 16 шілдедегі Z970168_ Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында: "Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабына Ескертудің 4-тармағында бекітілген ереже "Қазақ КСР-інің Қылмыстық Кодексін бекіту туралы" 1959 жылғы 22 шілдедегі Қазақ КСР Заңымен бекітілген Қазақ КСР Қылмыстық Кодексінің 63 (бандитизм), 76 (ұрлық), 76-1 (тонау), 76-2 (шабуыл жасап тонау), 76-3 (алаяқтық), 76-4 (бөтен біреудің мүлкін меншіктену немесе жұмсап қою жолымен немесе қызмет бабын пайдаланып, қиянат жасау жолымен талан-таражға салу), 76-7 (қорқытып алу), 203-бабында (атылатын қаруды, оқ-дәріні немесе жарылғыш заттарды ұрлау), 205-2 (радиоактивті материалдарды ұрлау), 213-1 (есірткі заттарды ұрлау) баптарында көзделген қылмыстардың қайсыбіреуін бұрын жасаған адамдарға қолданылады" делінген.
      Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің K970167_ 175-бабына Ескертудің 4-тармағына сай, "осы тараудың баптарында, сондай-ақ осы Кодекстің басқа баптарында ұрлық немесе қорқытып алушылық үшін бұрын сотталған адам деп осы Кодекстің 175-181, 248, 255, 260-баптарында көзделген бір немесе бірнеше қылмыс үшін сотталған адам танылады".
      Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген Қылмыстық кодексінің жоғарыда аталған нормаларын, 1959 жылғы 22 шілдеде қабылданған Қазақ КСР-і Қылмыстық кодексінің осы тақілеттес нормаларымен салыстырмалы түрде талдай келе, өтініш субъектісі, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің K970167_ 179-бабы 3-бөлігінің г) тармағында және "Меншікке қарсы қылмыстар" тарауының басқа баптарының осы тақілеттес тармақтарында көзделген, бұл жағдайда ұрлық немесе қорқытып алушылығы үшін бұрын екі немесе одан да көп рет сотталған адам жасаған қарақшылық, айқындаушы белгіні осы қарастырылып отырған Заңның 8-бабы арқылы қолдануға болмайды деп пайымдайды. Соған орай мынадай дәлелдер келтіріледі.
      Қазақ КСР-інің 1959 жылғы 22 шілдедегі Қылмыстық кодексінде, екі және одан да көп рет ұрлық немесе қорқытып алушылық жасағаны немесе пайдакүнемдік қылмыс (оның санынан тәуелсіз) жасағаны үшін екі және одан да көп рет сотталған адамдардың іс-әрекеті "қайталап" белгісі бойынша айқындалатын. Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген Қылмыстық кодексінде K970167_ болса "қайталану" айқындаушы белгісі "бірнеше рет" айқындаушы белгімен ауыстырылған және, алаяқтықты алып тастағанда, жаза жеңілдетілген.
      Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде "бірнеше рет" айқындаушы белгімен қатар, жауаптылығын күшейте отырып, мынадай жаңа дербес айқындаушы белгі енгізілген: дәл осындай қылмысы үшін екі және одан да көп рет сотталған адамның ұрлық немесе қорқытып алушылық жасауы. Ақмола облыстық сотының пікірі бойынша, бұл сотталушының жағдайын нашарлатады, себебі екі немесе одан да көп рет сотталған адамның жасаған қылмысы үшін, өте қауіпті рецидивист жасаған қылмыспен бірдей жауаптылықты көздейді. Ал бұл, облыстық соттың пікірінше, Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 5) тармақшасында баянды етілген заңның кері күші туралы конституциялық принципке қайшы келеді. Ал қарастырылып отырған Заң 8-бабының өте қауіпті рецидивист деп танылған да, танылмаған да адамдардың бәріне тарауы, Қазақстан Республикасы Конституциясының K951000_ 14-бабында баянды етілген, заң алдында жұрттың бәрі тең деген конституциялық принципті бұзады. Баяндалғанның негізінде, Ақмола облыстық соты "Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін күшіне K970167_ енгізу туралы" 1997 жылғы 16 шілдедегі Z970168_ Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабын конституциялық емес деп тануды сұрайды.
      Осы ұсынымды қарау кезінде Конституциялық Кеңес мынаны ескерді.
      Конституциялық Кеңес, Ақмола облыстық сотының, ұрлық немесе қорқытып алушылығы үшін бұрын екі немесе одан да көп рет сотталған адамның пайдакүнемдік қылмыс жасауын айқындайтын белгіні, онымен бір мезгілде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде K970167_ бірнеше реттілікті айқындайтын белгі болып тұрғанда қолдануға болмайды деген дәлелдерін қарай алмайды. Қылмыстық-жазаланатын әрекеттердің құрамын топтастыру, соның ішінде олардың айқындалатын белгілерін анықтау заң шығарушының төтенше құзыры болып табылады, ал нақтылы бір қылмыстық әрекеттердің айқындалуы жөніндегі даулар процессуалдық заңдарда белгіленген тәртіппен шешіледі.
      Республика Конституциясы K951000_ 78-бабының ережелерінен келіп шығып, Ақмола облыстық соты Конституцияның K951000_ 77-бабы 3-тармағының
5) тармақшасына қайшы келеді деп есептейтін, "Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін K970167_ күшіне енгізу туралы" Z970168_ Қазақстан Республикасы Заңының осы аталған 8-бабы ғана Конституциялық Кеңес қарауының нысаны бола алады.
      Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды. Яғни, мұндай заңдар оларды енгізгенге дейін жасалған әрекеттерге қатысты қолданылмайды.
      Алайда, "Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін K970167_ күшіне енгізу туралы" Z970168_ Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бұдан да қатаң санкциялары бар баптарын осы аталған кодексті күшіне енгізуге дейін жасалған әрекеттерге тікелей қолдануды көздемейді де. Заңның қарастырылып отырған бабы, меншікке қарсы қайталап қылмыс жасаған адамның әрекетін айқындау кезінде, олардың Қазақ КСР-інің Қылмыстық кодексі күшінде болған мерзімде өтелмеген немесе алынып тасталмаған соттылығын ескеруге мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін қабылдау кезінде, заң шығарушы оның меншікке қарсы қылмыстар туралы баптарына "бұрын екі немесе одан да көп рет сотталған адамның қылмыс жасауы" деген айқындау белгісін енгізгендіктен, сотталуды тіркеудің ережесін де көзде тұту қажет болатын, олар қолданылып жүрген Қылмыстық кодекстің K970167_ 175-бабына Ескертудің 4-тармағында, ал Қазақ КСР-інің Қылмыстық кодексі күшінде болған мерзімде орын алған қылмыстардың осы санаттары бойынша сотталуларға қатысты - "Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін K970167_ күшіне енгізу туралы" Z970168_ Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында баяндалған.
      Облыстық соттың ұсынымында, Қылмыстық кодекстің K970167_ 179-бабы 3-бөлігінің г) тармағын да ("ұрлық немесе қорқытып алушылығы үшін бұрын екі немесе одан да көп рет сотталған адам" жасаған қарақшылық айқындалатын белгіні анықтайтын), Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің K970167_ 175-бабына Ескертудің 4-тармағын да конституциялық емес деп тану туралы мәселе қойылмайды. Алайда, бұл нормалар "Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін K970167_ күшіне енгізу туралы" Z970168_ Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабымен тығыз байланысты, онысыз олар өз мағынасын жоғалтады. Қарастырылып отырған заң нормасы рецидивті (бұрын осы тақілеттес қылмыс бойынша сотталған адам жасаған) деп айқындалған қылмыс үшін жазаны белгілеудің тікелей тәртібін анықтамайды.
      Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі K970167_ 59-бабының 1-бөлігіне сай, жаза әртүрлі мән-жайды, соның ішінде, бұрын жасалған да, жаңадан жасалған да қылмыстардың сипатын және қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескеріп белгіленуі тиіс. Бұл, егер Заңның 8-бабын қолданып жауаптылыққа тартылып отырған нақтылы бір сотталушы, бұдан алдын ала жазасын ауырлататын жағдайларда жасалған қылмыстары үшін емес, облыстық соттың ұсынымында айтылғандай, Қазақ КСР-інің Қылмыстық кодексі тиісті баптарының "бірінші бөлігі бойынша" сотталған болса, онда сот бұл сотталушыға жазалау мөлшерін анықтау кезінде бұл жағдайларды ескеру мүмкіндігіне ие дегенді білдіреді. Демек, "Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін K970167_ күшіне енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының Z970168_ 8-бабын қолдану кезінде, рецидивті қылмыс үшін жазалау, жауаптылықты күшейтетін заңға (Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне) кері күш беру арқылы түгелдей анықталады деп айтуға болмайды. Оған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі K970167_ 59-бабының 3-бөлігі де көрсетіп тұр, оған сәйкес, егер осы аталған кодекстің Ерекше бөлігінің бабы (баптың бөлігі) қылмыс жасаған адамның сотталғандығын айқындаушы белгі ретінде көрсетіп тұрса, қылмыстардың рецидиві, қауіпті рецидиві немесе ерекше қауіпті рецидиві кезінде жазалау, осы баптың екінші бөлігінде көзделген ережелерді, яғни қылмыс рецидивінің әртүрлі нысандарында мерзім мен мөлшердің ең төменгі шегін белгілейтін ережелерді ескермей отырып белгіленеді.
      Осылайша, Конституциялық Кеңес "Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін K970167_ күшіне енгізу туралы" 1997 жылғы 16 шілдедегі Z970168_ Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабын, Қазақстан Республикасы Конституциясының K951000_ 77-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес емес деп тану үшін негіз жоқ деп есептейді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің K970167_ бұл бабы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтірмейді.
      Баяндалғанды ескеріп және Қазақстан Республикасы Конституциясы K951000_ 72-бабының 2-тармағын, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" U952737_ конституциялық заң күші бар Жарлығының 33, 37, 38 және 41-баптарын басшылыққа алып, Конституциялық Кеңес қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін K970167_ күшіне енгізу туралы" 1997 жылғы 16 шілдедегі Z970168_ Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Конституциясы K951000_ 74-бабының 3-тармағы негізінде қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшіне енеді, шағымдануға жатпайды, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті және Қазақстан Республикасы Конституциясы K951000_ 73-бабының

4-тармағында көзделген жағдайды ескеріп, түпкілікті болып табылады. 
     3. Осы қаулы қазақ және орыс тілдерінде республикалық ресми 
басылымдарда жариялансын. 
     
     Қазақстан Республикасының 
       Конституциялық Кеңесі 
     Төрағасының міндетін атқарушы 
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Икебаева Ә.Ж. 
     
      
      


О представлении Акмолинского областного суда о признании неконституционной статьи 8 Закона Республики Казахстан "О введении в действие Уголовного кодекса Республики Казахстан" от 16 июля 1997 года

Постановление Конституционного Совета Республики Казахстан от 2 августа 2000 года N 17/2

      Конституционный Совет Республики Казахстан в составе и.о. Председателя Конституционного Совета Акуева Н.И., членов Совета Есенжанова А., Котова А.К., Омарханова К.А. и Шопина В.Д., с участием старшего референта государственно-правового отдела Администрации Президента Республики Казахстан Нугманова Т.Е., рассмотрел в открытом заседании представление Акмолинского областного суда о признании неконституционной статьи 8 Закона Республики Казахстан от 16 июля 1997 года Z970168_ "О введении в действие K970167_ Уголовного кодекса Республики Казахстан".
      Изучив имеющиеся материалы, заключение эксперта Балтабаева К.Ж. - заведующего кафедрой уголовного права и процесса Евразийского государственного университета имени Л.Н. Гумилева, заслушав сообщение докладчика Есенжанова А., Конституционный Совет установил:
      В Конституционный Совет Республики Казахстан 3 июля 2000 года поступило представление Акмолинского областного суда о признании неконституционной статьи 8 Закона Республики Казахстан от 16 июля 1997 года Z970168_ "О введении в действие К970167_ Уголовного кодекса Республики Казахстан".
      Из представления следует, что в производстве Акмолинского областного суда находится уголовное дело по обвинению Васинева Д.В. по статье 179, части 2, пунктам а), б), в), г) K970167_ Уголовного кодекса Республики Казахстан, предусматривающей ответственность за разбой, совершенный группой лиц по предварительному сговору, неоднократно, с проникновением в помещение и с применением предметов, использованных в качестве оружия. Данное дело было принято к производству по протесту прокурора Есильского района Акмолинской области на приговор районного суда. В протесте прокурора указано, что, согласно статье 8 Закона Республики Казахстан от 16 июля 1997 года Z970168_ "О введении в действие К970167_ Уголовного кодекса Республики Казахстан", действия подсудимого должны быть квалифицированы по статье 179, части 3, пункта г) Уголовного кодекса Республики Казахстан, предусматривающей ответственность за разбой, совершенный лицом, ранее два и более раз судимым за хищение либо разбой.
      Статья 8 Закона Республики Казахстан от 16 июля 1997 года Z970168_ "О введении в действие Уголовного кодекса Республики Казахстан" гласит: "Положение, закрепленное в пункте 4 Примечания к статье 175 Уголовного кодекса Республики Казахстан распространяется на лиц, ранее совершивших какое-либо из преступлений, предусмотренных статьями 63 (бандитизм), 76 (кража), 76-1 (грабеж), 76-2 (разбой), 76-3 (мошенничество), 76-4 (хищение чужого имущества путем присвоения или растраты либо путем злоупотребления служебным положением), 76-7 (вымогательство), 203 (хищение огнестрельного оружия, боевых припасов или взрывчатых веществ), 205-2 (хищение радиоактивных материалов), 213-1 (хищение наркотических средств) K592000_ Уголовного кодекса Казахской ССР, утвержденного Законом Казахской ССР от 22 июля 1959 года "Об утверждении Уголовного кодекса Казахской ССР".
      Согласно пункту 4 Примечания к статье 175 K970167_ Уголовного кодекса Республики Казахстан, "лицом, ранее судимым за хищение либо вымогательство, в статьях настоящей главы, а также в других статьях настоящего Кодекса признается лицо, имеющее судимость за одно или несколько преступлений, предусмотренных статьями 175-181, 248, 255, 260 настоящего Кодекса".
      Проводя сравнительный анализ вышеназванных норм действующего Уголовного кодекса Республики Казахстан с аналогичными нормами K592000_ Уголовного кодекса Казахской ССР, принятого 22 июля 1959 года, субъект обращения полагает, что недопустимо применение через статью 8 рассматриваемого Закона квалифицирующего признака, в данном случае, совершение разбоя лицом, ранее два или более раз судимым за хищение либо вымогательство, предусмотренного пунктом г) части 3 статьи 179 и аналогичными пунктами других статей главы "Преступления против собственности" K970167_ Уголовного кодекса Республики Казахстан. При этом приводятся следующие доводы.
      K592000_ Уголовным кодексом Казахской ССР от 22 июля 1959 года действия лиц, совершивших два и более хищения либо вымогательства или имевших две и более судимости за корыстные преступления (независимо от их количества), квалифицировались по признаку "повторно". В действующем же K970167_ Уголовном кодексе Республики Казахстан квалифицирующий признак "повторность" заменен квалифицирующим признаком "неоднократность" и, за исключением ответственности за мошенничество, смягчено наказание.
      Наряду с квалифицирующим признаком "неоднократно" Уголовным кодексом Республики Казахстан введен новый самостоятельный, с усилением ответственности квалифицирующий признак - совершение хищения либо вымогательства лицом, ранее два и более раз судимым за такое же преступление. По мнению Акмолинского областного суда, это ухудшает положение подсудимого, поскольку за преступление, совершенное лицом, два и более раз судимым, предусматривается ответственность почти такая же, как и за преступление, совершенное особо опасным рецидивистом. Это противоречит, по мнению областного суда, конституционному принципу об обратной силе закона, закрепленному в подпункте 5) пункта 3 статьи 77 Конституции Республики Казахстан. Распространение же статьи 8 рассматриваемого Закона на всех лиц, признанных и не признанных особо опасными рецидивистами, нарушает конституционный принцип равенства всех перед законом, закрепленный статьей 14 K951000_ Конституции Республики Казахстан. На основании изложенного, Акмолинский областной суд просит признать статью 8 Закона Республики Казахстан от 16 июля 1997 года Z970168_ "О введении в действие K970167_ Уголовного кодекса Республики Казахстан" неконституционной.
      При рассмотрении данного представления Конституционный Совет исходит из следующего.
      Конституционный Совет не может рассматривать доводы Акмолинского областного суда о невозможности применения квалифицирующего признака "совершение корыстного преступления лицом, ранее два или более раз судимым за хищение либо вымогательство" при одновременном существовании в K970167_ Уголовном кодексе Республики Казахстан квалифицирующего признака неоднократности. Конструирование составов уголовно-наказуемых деяний, в том числе, определение их квалифицирующих признаков, является прерогативой законодателя, а споры о квалификации конкретных преступных действий разрешаются в порядке, установленном процессуальным законодательством.
      Исходя из положений статьи 78 K951000_ Конституции Республики, предметом рассмотрения Конституционного Совета может быть только названная статья 8 Закона Республики Казахстан Z970168_ "О введении в действие K970167_ Уголовного кодекса Республики Казахстан", которую Акмолинский областной суд считает противоречащей подпункту 5) пункта 3 статьи 77 K951000_ Конституции.
      В соответствии с подпунктом 5) пункта 3 статьи 77 Конституции законы, устанавливающие или усиливающие ответственность, возлагающие новые обязанности на граждан или ухудшающие их положение, обратной силы не имеют. То есть, такие законы не могут применяться в отношении деяний, совершенных до их введения.
      Однако статья 8 Закона Z970168_ "О введении в действие Уголовного кодекса Республики Казахстан" не предусматривает непосредственного применения статей K970167_ Уголовного кодекса Республики Казахстан с их более строгими санкциями к деяниям, совершенным до введения названного кодекса в действие. Рассматриваемая статья Закона лишь позволяет при квалификации деяний лиц, совершивших повторно преступление против собственности, учитывать их не погашенную или не снятую судимость, имевшую место в период действия K592000_ Уголовного кодекса Казахской ССР. Поскольку законодатель при принятии K970167_ Уголовного кодекса Республики Казахстан в его статьи о преступлениях против собственности ввел квалифицирующий признак "совершение преступления лицом, ранее два или более раз судимым", необходимо было предусмотреть и правила учета этих судимостей, которые и закреплены в пункте 4 Примечания к статье 175 действующего Уголовного кодекса, а применительно к судимостям по данной категории преступлений, имевшим место в период действия K592000_ Уголовного кодекса Казахской ССР - в статье 8 Закона Z970168_ "О введении в действие Уголовного кодекса Республики Казахстан".
      В представлении областного суда не ставится вопрос о признании неконституционными ни пункта г) части 3 статьи 179 K970167_ Уголовного кодекса Республики Казахстан (определяющего квалифицирующий признак совершения разбоя - "лицом, ранее два или более раз судимым за хищение либо вымогательство"), ни пункта 4 Примечания к статье 175 K970167_ Уголовного кодекса Республики Казахстан. Между тем, эти нормы тесно взаимосвязаны со статьей 8 Закона Z970168_ "О введении в действие Уголовного кодекса Республики Казахстан", без которой они теряют смысл. Рассматриваемая законодательная норма не определяет непосредственного порядка назначения наказания за преступление, квалифицированного как рецидивное (совершенное лицом, ранее судимым за аналогичные преступления).
      Наказание, согласно части 1 статьи 59 K970167_ Уголовного кодекса Республики Казахстан, должно назначаться с учетом различных обстоятельств, в том числе, характера и степени общественной опасности преступлений, совершенных как ранее, так и вновь. Это означает, что если конкретный подсудимый, привлекаемый к ответственности с применением статьи 8 Закона, имеет предыдущие судимости за преступления, совершенные не при отягчающих обстоятельствах, а, как сказано в представлении областного суда, "по части первой" соответствующих статей K592000_ Уголовного кодекса Казахской ССР, суд не лишен возможности учесть эти обстоятельства при определении данному подсудимому меры наказания. Следовательно, нельзя утверждать, что при применении статьи 8 Закона Z970168_ "О введении в действие К970167_ Уголовного кодекса Республики Казахстан" наказание за рецидивную преступность будет целиком определяться путем придания обратной силы закону ( K970167_ Уголовному кодексу Республики Казахстан), усиливающему ответственность. На это указывает и часть 3 статьи 59 K970167_ Уголовного кодекса Республики Казахстан, в соответствии с которой, если статья (часть статьи) Особенной части названного кодекса содержит указание на судимость лица, совершившего преступление, как на квалифицирующий признак, наказание при рецидиве, опасном рецидиве или особо опасном рецидиве преступлений назначается без учета правил, предусмотренных частью второй данной статьи, то есть тех правил, которые устанавливают нижний предел срока и размера наказания при разных формах рецидива преступлений.
      Таким образом, Конституционный Совет считает, что нет оснований для признания статьи 8 Закона Республики Казахстан от 16 июля 1997 года Z970168_ "О введении в действие К970167_ Уголовного кодекса Республики Казахстан" не соответствующей положениям подпункта 5) пункта 3 статьи 77 K951000_ Конституции Республики Казахстан. Эта статья К970167_ Уголовного кодекса Республики Казахстан не ущемляет прав и свобод человека и гражданина.
      Исходя из изложенного и, руководствуясь пунктом 2 статьи 72 K951000_ Конституции Республики Казахстан, статьями 33, 37, 38 и 41 Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу Конституционного закона, U952737_ "О Конституционном Совете Республики Казахстан", Конституционный Совет постановляет:
      1. Статью 8 Закона Республики Казахстан Z970168_ "О введении в действие K970167_ Уголовного кодекса Республики Казахстан" от 16 июля 1997 года признать соответствующей K951000_ Конституции Республики Казахстан.
      2. На основании пункта 3 статьи 74 K951000_ Конституции Республики Казахстан постановление вступает в силу со дня его принятия, обжалованию не подлежит, является общеобязательным на всей территории Республики Казахстан и окончательным с учетом случая, предусмотренного пунктом 4

статьи 73  

K951000_

  Конституции Республики Казахстан.
     3. Опубликовать настоящее постановление на казахском и русском языках 
в официальных республиканских печатных изданиях.
     
     И.о. Председателя
     Конституционного Совета
     Республики Казахстан
     
(Специалисты: Умбетова А.М.,
              Цай Л.Г.)