Қаулының күші жойылды - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2007.11.08. N 9 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, құрамында Кеңес мүшелерi Н.І. Өкеев (төрағалық етуші), Ж.Д. Бұсырманов, А. Есенжанов, А.К. Котов, Қ.Ә. Омарханов және В.Д. Шопин қатысқан, мына өкілдердің:
өтініш субъектісінен - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ж.Н. Әбдиевтің,
Республиканың Бас прокуратурасынан - Бас прокурордың орынбасары А.В. Константиновтың,
Республиканың Әділет министрлігінен - әділет вице-министрі Г.В. Кимнің,
Республиканың Ішкі істер министрлігінен - тергеу департаментінің бастығы В.Н. Курбатовтың,
Республиканың Ұлттық қауіпсіздік комитетінен - тергеу департаментінің бастығы Қ.Ж. Кәрібозовтың,
қатысуымен өткен ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті бір топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясының
K951000_
83-бабы 1-тармағын және 84-бабы 1-тармағын ресми түсіндіру туралы өтінішін қарады.
Қолдағы бар материалдарды зерделеп, баяндамашы - Кеңес мүшесі Қ.Ә. Омархановты және отырыс қатысушыларын тыңдап, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мынаны анықтады:
1. Республиканың Конституциялық Кеңесіне 2000 жылғы 21 желтоқсанда Республика Парламентінің 37 депутатының Қазақстан Республикасы Конституциясының
K951000_
83-бабы 1-тармағына және 84-бабы 1-тармағына ресми түсіндірме беру туралы өтініші келіп түсті.
Республика Парламентінде қаралып жатқан, "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы өтініш беру үшін себеп болған. Өтініштен келіп шығатыны, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне
Z970206_
(бұдан әрі ҚІЖК) енгізілуі көзде тұтылып отырған түзетулерде, Республиканың Бас прокурорына, прокурордың басшылық етуімен тергеу тобын құру құқығын беру көзделген. Депутаттардың пікірінше, ұсынылып отырған норма Конституцияның
K951000_
84-бабы 1-тармағының ережелеріне қайшы келеді, өйткені қылмыстық істер бойынша анықтама жүргізу мен алдын ала тергеу прокуратурадан бөлінген. Сонымен бірге, өтініште көрсетілгеніндей, Конституцияның
K951000_
84-бабының 1-тармағы прокуратураға заңмен белгіленген жағдайда, тәртіпте және шекте қылмыстық қуғындауды жүзеге асыру мүмкіндігін береді.
Аталған конституциялық нормаларды талдау кезінде, депутаттар мына: "қылмыстық қуғындауды жүзеге асыру бойынша прокуратураның өкілеттігі, тергеу тобының басшысы ретінде прокурорға алдын ала тергеу жүргізу құқығын береді деп түсіну керек пе?", - деген сұрақты назарға алуды өтінеді.
2. Республика Конституциясының
K951000_
нормаларын және конституциялық іс жүргізу материалдарын талдап шығып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мынаны ескерді.
Республика Конституциясы 84-бабының 1-тармағы, "қылмыстық істер бойынша анықтама жүргізу мен алдын ала тергеуді ... бұлар ... прокуратурадан бөлінген" деген бөлігінде, прокуратура органдарының жүйесінде анықтама жүргізу мен алдын ала тергеуді жүзеге асыратын құрылымдарды құруға жол берілмейтінін білдіреді. Конституция бұл функцияларды арнаулы мемлекеттік органдарға жүктеген.
Сонымен бірге, Республика Конституциясының
K951000_
83-бабы 1-тармағында "прокуратура ... заңмен белгіленген жағдайда, тәртіпте және шекте қылмыстық қуғындауды жүзеге асырады", - деп көрсетілген. Аталған конституциялық ереже, Конституцияның 84-бабы 1-тармағында көзделген ережеден тыс болып табылады. Қылмыстық қудалаудың шегі, прокуратураның оны жүзеге асыруының тәртібі мен жағдайлары, бұл мәселелер бойынша оның құзыреті, Конституцияның 83-бабының 1 және 4-тармақтарына сәйкес, заңдарда белгіленеді. ҚІЖК-інде,
Z970206_
тергеу іс-әрекеттерін жүргізу арқылы, прокурордың алдын ала тергеуге қатысуын, сондай-ақ заңдылықты қадағалау мақсатында оларды қозғауға қатысуын көздейтін нормалар бар (ҚІЖК-інің
Z970206_
197-бабы). Прокуратураның дәл осындай өкілеттігі Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы"
Z952709_
заң күші бар Жарлығында да бекітілген (VI және VII тараулар).
Осылайша, Республика Конституциясының
K951000_
83-бабы 1 және 4-тармақтарының және 84-бабы 1-тармағының нормалары, заңда айтып өтілген, ерекше жағдайларда, прокурордың қылмыстық қудалауды қозғауына жол береді. Бұл соңғысы алдын ала тергеу элементтерінен тұрады. Прокурордың қылмыстық қудалауды жүзеге асыруының шегі, тәртібі және жағдайлары, прокуратураның құзыреті заңмен белгіленеді, ол Республика Конституциясының 61-бабы 3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламентінің құзырына жатады.
Жоғарыда баяндалғаннан келіп шығатыны, ерекше жағдайларда, заң, прокурорға арнайы уәкілет берілген мемлекеттік органдардың тергеушілерінен тұратын тергеу топтарын басқару құқығын беруі мүмкін.
Қазақстан Республикасы Конституциясының
K951000_
72-бабы 1-тармағының
4) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы"
U952737_
конституциялық заң күші бар Жарлығының 17-бабы 3-тармағының 1) тармақшасын, 32, 33, 37 және 41-баптарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі қаулы етеді:
1. "Қылмыстық істер бойынша анықтама жүргізу мен алдын ала тергеуді арнаулы органдар жүзеге асырады және бұлар ... прокуратурадан бөлінген", - деген Қазақстан Республикасы Конституциясының 84-бабы 1-тармағы, прокуратура органдарының жүйесінде анықтама жүргізу мен алдын ала тергеуді жүзеге асыратын құрылымдарды құруға жол берілмейтінін білдіреді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының
K951000_
83-бабы 1-тармағы, "прокуратура ... заңмен белгіленген жағдайда, тәртіпте және шекте қылмыстық қуғындауды жүзеге асырады", - деген бөлігінде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 84-бабы 1-тармағында көзделген ережеден тыс болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 84-бабы 1-тармағының бұл аталған нормасын, прокурордың қылмыстық қудалау функциясын жүзеге асыруының нақты механизмін құқықтық белгілеу, соның ішінде, оған тергеу топтарын басқару құқығын беру, Қазақстан Республикасы Парламентінің заңмен реттеу саласына жатады.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының
K951000_
74-бабы
3-тармағына сәйкес, қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшіне енеді және
шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей
міндетті және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабы 4-тармағында
көзделген жағдайды ескеріп, түпкілікті болып табылады.
3. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс
тілдерінде жариялансын.
Төрағалық етуші -
Қазақстан Республикасы
Конституциялық Кеңесінің
мүшесі
Мамандар:
Қасымбеков Б.А.
Багарова Ж.А.