"Саяси партиялар туралы" Заңның Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкестiлiгін тексеру туралы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2002 жылғы 11 шілдедегі N 6 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Төраға Ю.А.Хитрин, Кеңес мүшелерi Х.Ә.Әбiшев, Қ.Ж.Балтабаев, С.Ф.Бычкова, А.Есенжанов, А.К.Котов және Қ.Ә.Омарханов қатысқан құрамда, мыналардың:
      Мемлекет басшысының өкiлi - Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттiк-құқық бөлiмi меңгерушiсiнiң бiрiншi орынбасары Т.С.Донақовтың;
      Қазақстан Республикасы Парламентi Сенаты мен Мәжiлiсiнiң депутаттары Е.Ж.Жұмабаев пен Р.Қ.Сәрпековтiң;
      Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесi В.К.Фоостың;
      Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары А.Қ.Дауылбаевтың;
      әдiлет бiрiншi вице-министрi Б.Ғ.Рахымбековтiң, Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi комитетi төрағасының орынбасары Е.Ә.Сапаровтың;
      Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Iшкi саясат департаментi директорының орынбасары С.Ә.Қожкеновтiң қатысуымен,
      өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Саяси партиялар туралы" Заңның Қазақстан Республикасы Конституциясына K951000_ сәйкестiлiгiн тексеру туралы өтiнiшiн қарады.
      Қазақстан Республикасының Парламентi Палаталары, Yкiметi, Орталық сайлау комиссиясы және Бас прокуратурасы берген құжаттарды, сондай-ақ конституциялық iс жүргiзудiң өзге де материалдарын зерделеп, баяндамашыны - Конституциялық Кеңестiң мүшесi А.К.Котовты, өтiнiш субъектiсi өкiлiнiң және отырысқа қатысушылардың сөздерiн тыңдап, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны
                               АНЫҚТАДЫ:
      "Саяси партиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын Қазақстан Республикасының Парламентi 2002 жылғы 26 маусымда қабылдап, 2002 жылғы 2 шiлдеде Қазақстан Республикасы Президентiнiң қол қоюына ұсынды.
      Конституцияның K951000_ 72-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес мемлекет басшысы Конституциялық Кеңеске жоғарыда аталған Заңның конституциялылығын тексеру туралы өтiнiш жолдады.
      "Саяси партиялар туралы" Заңды Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгi мәнiнде қарай отырып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны ескердi.
      Конституцияның K951000_ 12-бабы 1-тармағы, Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепiлдiк берiледi деп белгiлейдi. Конституцияның 23-бабы 1) тармақшасына сай, Қазақстан Республикасы азаматтарының бiрлесу бостандығына құқығы бар, бұл бiрлестiктердiң қызметi заңмен реттеледi. "Саяси партиялар туралы" Заңның 3-бабы 1-тармағында бекiтiлетiн, Қазақстан Республикасы азаматтарының саяси партияларға еркiн бiрiгу құқығы, Қазақстан Республикасында идеологиялық және саяси әр алуандылық танылатындығы туралы Конституция жалпы ережелерiнiң 5-бабы 1-тармағынан туындайды. Демек, азаматтардың саяси партияларға еркiн бiрiгу құқығы олардың бiрлесу бостандығы құқығына сәйкес келедi, бұл бiрлестiктердiң ерекше түрлерi жекелеген заңдармен реттелуi мүмкiн.
      Саяси партияларға еркiн бiрiгу құқығы - ұжымдық құқық, оны Республика азаматтары бiрлесiп және олардың әрбiрiнiң жеке таңдауы бойынша iске асырады. Ол абсолюттi болып табылмайды және заң шығару арқылы шарттастырылуы мүмкiн. Мемлекет, саяси партиялардың, оның iшiнде заңды тұлғалар ретiнде, құқықтары мен заңды мүдделерi сақталуын қамтамасыз ете отырып, сонымен бiр мезгiлде олардың құрылу және қызмет iстеу жағдайлары мен тәртiбiн заң арқылы белгiлеуге хақылы, бұл адам құқықтары мен бостандықтары саласындағы халықаралық стандарттарға жауап бередi.
      "Саяси партиялар туралы" Заңның 5-бабы 8-тармағында, "азаматтардың кәсiби, нәсiлдiк, ұлттық, этникалық және дiни белгiлерi бойынша саяси партиялар құруға, сондай-ақ мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында саяси партиялардың бастауыш партия ұйымдарын құруға жол берiлмейдi", - деп белгiленген. Заңның бұл ережесi Конституцияның әлеуметтiк теңдiк, қоғамдық келiсiм және Республиканың тұтастығы туралы жалпы ережелерiмен келiседi, мемлекет пен қоғамдық бiрлестiктердiң өзара қарым-қатынастарының конституциялық негiздерiне сәйкес келедi. Конституцияның K951000_ 5-бабы 1-тармағына сай, Республикада мемлекеттiк органдарда саяси партиялардың ұйымдарын құруға жол берiлмейдi.
      Конституциялық Кеңес Заңның 4-бабы 6-тармағының, "саяси партиялардың тұрақты жұмыс iстейтiн органдарында қызмет атқаратын адамдарға Қазақстан Республикасының еңбек, әлеуметтiк қорғау және әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдары қолданылады", деген ережесiне назар аударады.
      Саяси партиялардың қызметiне қатысу да, саяси партиялар қызметiнiң өзi де Конституциямен K951000_ кепiлдiк берiлген адамның құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға тиiс. Дәл сол сияқты, кез-келген саяси партияға мүше болу Республика азаматының конституциялық мiндеттерiн атқарудан босатпайды. Өз мiндеттерiн атқару кезiнде мемлекеттiк қызметкерлер мен депутаттар саяси партиялар мен олардың органдары шешiмдерiне тәуелдi болмайды.
      Конституциялық Кеңес "Саяси партиялар туралы" Заңның 10-бабы 6-тармағының нормасын талдай келе, оның саяси партияны мемлекеттiк тiркеудiң шарты түрiнде сан өлшемiн белгiлейтiнiне назар аударады. Саяси партияны мемлекеттiк тіркеу үшiн, делiнген Заңда, оның құрамында "партияның Қазақстан Республикасының барлық облыстарындағы, республикалық маңызы бар қала мен астанадағы әрқайсысында кемiнде жетi жүз партия мүшесi бар құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) атынан өкiлдiк ететiн кем дегенде елу мың партия мүшесi болуға тиiс". Қазақстанда саяси партиялар құру және олардың қызмет iстеуi үшiн бұл тiркеу және өзге де сан өлшемдерi, атап айтқанда, "Саяси партиялар туралы" Заңның 6-бабы 1 және 3-тармақтарымен белгiленген өлшемдер, конституциялық реттеу нысаны болып табылмайды. Ол жөнiндегi мәселелер, тұтас алғанда, заңды және жеке тұлғалардың құқықтық субъектiлiгiнiң түбегейлi принциптерi мен нормаларын анықтау сияқты, Конституцияның K951000_ 61-бабы 3-тармағымен заңдар арқылы реттеу деңгейiне жатқызылған.
      Өзге елдердiң партиялар туралы заңнамасында мұндай өлшемдердiң бар болуы, мемлекеттiң, саяси партияларға сайлау процесiне қатысу және парламенттерде бара-барлық өкiлдiк ету құқығын бере отырып, сонымен бiр мезгiлде оларға қажеттi талаптар қоятындығымен айқындалады, бұл талаптар саяси партияның қоғамда елеулi қолдауға ие екендiгiн айғақтап, сонымен бiр мезгiлде партиялық жүйенiң әлеуметтiк шарттастырылмай жiктелуiн тежеген болар едi.
      "Саяси партиялар туралы" Заңның 10-бабы 6-тармағының және 6-бабы 1 және 3-тармақтарының талаптары жаңадан құрылып (қайта тiркелiп) жатқан барлық саяси партиялар үшiн жалпыға бiрдей және олар үшiн тең дәрежеде мiндеттi болып табылады. Саяси партияны мемлекеттiк тiркеуден заңды негiзде ғана бас тартуға және оған сотқа шағымдануға болады.
      "Саяси партиялар туралы" бұл Заң өлшемдерiнiң сандық көрсеткiштерiне келер болсақ, олардың абсолюттiк түрлерiн орайлас айқындау мен белгiлеу Республика Парламентiнiң құзырына қарайтынын және оның заң шығарушылық қарауы аясында екенiн атап өту қажет. Сонымен бiрге Кеңес, партиялар туралы шетел заңнамасында саяси партияларды мемлекеттiк тiркеу үшiн, олардың сан мөлшерiне қойылатын, қаралып отырған "Саяси партиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 6-тармағымен көзделген сандық талаптардан анағұрлым жоғары талаптардың бар болуын атайды.
      Заңның 14-бабы 5-тармағының 6) тармақшасы, "саяси партияның Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсi депутаттарының сайлауына қатарынан екi рет қатыспауын" соттың шешiмi бойынша саяси партияның таратылуына негiз ретiнде көздейдi. Конституциялық Кеңес оны Конституцияның K951000_ жалпы ережелерi мен нормаларына қайшы деп таппайды және де, Заңның 14-бабы 5-тармағының 6) тармақшасы қоғам мен оның барлық жiктерi үшiн, олардың саяси мүддесiн бiлдiруге үмiткер партиялардың саяси қызметi тұрақты және белсендi болуына кепiлдiк жасауды өзiне мақсат етiп қояды деп есептейдi. Партиялар туралы заңнамадағы мұндай нормалар қоғамдағы шын мәнiндегi плюрализмдi қорғайды және ынталандырады деп танылады.
      Заңның 21-бабында көзделген, бұрын құрылған саяси партияларды мемлекеттiк қайта тiркеу, Конституциялық Кеңестiң пiкiрiнше, оларды құрудың және қызметiнiң тәртiбiн, барлық саяси партиялар үшiн мiндеттi жаңа Заңның талаптарына сәйкес келтiруге бағытталған.
      Қайта тiркеу туралы бұл норма қызмет iстеп жүрген барлық саяси партияларға қатысты қолданылады, яғни олардың заң алдындағы теңдiгi принципi сақталады. Бұрын құрылған және жаңадан құрылатын партиялар осы Заң арқылы тең құқықтық жағдайға қойылады.
      Осылайша, "Саяси партиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ережелерiн Конституцияға K951000_ сәйкестiгi мәнiнде қарау, депутаттардың бастамасы бойынша Парламент 2002 жылғы 26 маусымда қабылдаған бұл Заңның Конституцияның ережелерi мен нормаларына қайшы келмейтiнiн көрсеттi.
      Заң, саяси партиялар мен қоғамдық бiрлестiктердiң өзге де түрлерiнiң арасында елеулi айырмашылық бар деп танылуын ескере отырып, Конституцияның 23-бабында баянды етiлген азаматтардың бiрлесу бостандығына құқығын толықтырады. Саяси партиялардың құрылуы мен қызметi тәртiбiн және жағдайларын заңдық реттеудi мамандандыру, олардың жария-құқықтық мәртебесiн белгiлеу қазiргi заманғы конституционализмнiң жалпы үрдiсi болып табылады.
      Ескерту. Дәлелдеу бөлігіне өзгеріс енгізілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2011.04.27 № 4 нормативтік қаулысымен.
      Баяндалғанның негiзiнде және Қазақстан Республикасы Конституциясының K951000_ 72-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" U952737_ конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 2-тармағының 1) тармақшасын, 31, 32, 33, 37, 38 және 39-баптарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Саяси партиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының K951000_ 74-бабы 3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабы 4-тармағымен көзделген жағдайды ескерiп, түпкiлiктi болып табылады.
      3. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.

      Қазақстан Республикасы
      Конституциялық Кеңесінің
      Төрағасы

О проверке соответствия Конституции Республики Казахстан Закона "О политических партиях"

Постановление Конституционного Совета Республики Казахстан от 11 июля 2002 года N 6

      Конституционный Совет Республики Казахстан в составе Председателя Хитрина Ю.А., членов Совета Абишева К.А., Балтабаева К.Ж., Бычковой С.Ф., Есенжанова А., Котова А.К. и Омарханова К.А. с участием:
      представителя Главы государства - первого заместителя заведующего Государственно-правовым отделом Администрации Президента Республики Казахстан Донакова Т.С.;
      депутатов Сената и Мажилиса Парламента Республики Казахстан Жумабаева Е.Ж. и Сарпекова Р.К.;
      члена Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан Фооса В.К.;
      заместителя Генерального Прокурора Республики Казахстан Даулбаева А.К.;
      первого вице-Министра юстиции Рахимбекова Б.Г., заместителя председателя Комитета регистрационной службы Министерства юстиции Республики Казахстан Сапарова Е.А.;
      заместителя директора Департамента внутренней политики Министерства культуры, информации и общественного согласия Республики Казахстан Кожкенова С.А.,
      рассмотрел в открытом заседании обращение Президента Республики Казахстан о проверке соответствия K951000_ Конституции Республики Казахстан Закона "О политических партиях".
      Изучив документы, представленные Палатами Парламента, Правительством, Центральной избирательной комиссией и Генеральной прокуратурой Республики Казахстан, а также другие материалы конституционного производства, заслушав докладчика - члена Конституционного Совета Котова А.К., выступления представителя субъекта обращения и участников заседания, Конституционный Совет Республики Казахстан установил:
      Закон Республики Казахстан "О политических партиях" принят Парламентом Республики Казахстан 26 июня 2002 года и представлен на подпись Президенту Республики Казахстан 2 июля 2002 года.
      В соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 72 K951000_ Конституции Глава государства направил в Конституционный Совет обращение о проверке конституционности вышеупомянутого Закона.
      Рассматривая на предмет соответствия Конституции Республики Казахстан Закон "О политических партиях", Конституционный Совет Республики Казахстан исходит из следующего.
      Пункт 1 статьи 12 K951000_ Конституции устанавливает, что в Республике Казахстан признаются и гарантируются права и свободы человека в соответствии с Конституцией. Граждане Республики Казахстан согласно подпункту 1) статьи 23 Конституции имеют право на свободу объединений, деятельность которых регулируется законом. Право граждан Республики Казахстан на свободу объединения в политические партии, которое закрепляется в пункте 1 статьи 3 Закона "О политических партиях", вытекает из пункта 1 статьи 5 общих положений Конституции о том, что в Республике Казахстан признаются идеологическое и политическое многообразие. Следовательно, право граждан на свободу объединения в политические партии корреспондирует конституционному праву на свободу объединения, особые виды которого могут регулироваться отдельными законами.
      Право на свободу объединения в политические партии - коллективное право, которое осуществляется гражданами Республики совместно и по личному выбору каждого из них. Оно не является абсолютным и может быть законодательно обусловлено. Государство, обеспечивая соблюдение прав и законных интересов политических партий, в том числе как юридических лиц, одновременно вправе законом устанавливать для них условия и порядок образования и деятельности, что отвечает международным стандартам в области прав и свобод человека.
      В пункте 8 статьи 5 Закона "О политических партиях" установлено, что "не допускается создание политических партий по признакам профессиональной, расовой, национальной, этнической и религиозной принадлежности граждан, а также создание в государственных органах и органах местного самоуправления первичных партийных организаций политических партий". Это положение Закона согласуется с общими положениями Конституции о социальном равноправии, общественном согласии и целостности Республики, соответствует конституционным основам взаимоотношений государства и общественных объединений. Согласно пункту 1 статьи 5 K951000_ Конституции, в Республике не допускается создание в государственных органах организаций политических партий.
      Конституционный Совет обращает внимание на положение пункта 6 статьи 4 Закона о том, что "на лиц, работающих в постоянно действующих органах политических партий, распространяется законодательство Республики Казахстан о труде, социальной защите и социальном страховании".
      Участие в деятельности политических партий, как и сама деятельность политических партий, не должны нарушать гарантированные K951000_ Конституцией права и свободы человека. Равно, как и членство в любой политической партии не освобождает от исполнения конституционных обязанностей гражданина Республики. При исполнении своих обязанностей не связаны решениями политических партий и их органов государственные служащие и депутаты.
      Анализируя норму пункта 6 статьи 10 Закона "О политических партиях" Конституционный Совет обращает внимание, что она устанавливает в виде условия государственной регистрации политической партии количественный критерий. Для государственной регистрации, сказано в Законе, в составе партии "должно быть не менее пятидесяти тысяч членов партии, представляющих структурные подразделения (филиалы и представительства) партии во всех областях, городе республиканского значения и столице численностью не менее семисот членов партии в каждой из них". Этот регистрационный и другие количественные критерии для учреждения и деятельности политических партий в Казахстане, в частности, установленные пунктами 1 и 3 статьи 6 Закона "О политических партиях", не являются предметом конституционного регулирования. Вопросы о них, как и в целом установление основополагающих принципов и норм правосубъектности физических и юридических лиц, отнесены пунктом 3 статьи 61 K951000_ Конституции на уровень регулирования законами.
      В законодательстве о партиях других стран присутствие подобных критериев определяется тем, что государства, предоставляя политическим партиям право на участие в избирательном процессе и на пропорциональное представительство в парламентах, одновременно устанавливают необходимые к ним требования, которые бы свидетельствовали о наличии у политической партии значительной поддержки в обществе и одновременно позволяли бы сдерживать социально необусловленную фрагментацию партийной системы.
      Требования пункта 6 статьи 10 и пунктов 1 и 3 статьи 6 Закона "О политических партиях" являются общими для всех создаваемых (перерегистрируемых) политических партий и обязательны для них в равной степени. Отказ в государственной регистрации политической партии возможен по законным основаниям и может быть обжалован в суд.
      Что касается самих количественных показателей этих критериев Закона "О политических партиях", то необходимо отметить, что сообразное определение и установление их абсолютных выражений относится к компетенции Парламента Республики и находится в сфере его законодательного усмотрения. Вместе с тем Совет констатирует наличие в зарубежном законодательстве о партиях количественного требования к численности политических партий для их государственной регистрации значительно превышающего то, что предусмотрено пунктом 6 статьи 10 рассматриваемого Закона Республики Казахстан "О политических партиях".
      Подпункт 6) пункта 5 статьи 14 Закона предусматривает в качестве основания ликвидации политической партии по решению суда "двукратное подряд неучастие политической партии в выборах депутатов Мажилиса Парламента Республики Казахстан". Конституционный Совет не находит его противоречащим общим положениям и нормам K951000_ Конституции и считает, что подпункт 6) пункта 5 статьи 14 Закона имеет целью создание для общества и всех его слоев гарантий постоянства и активности политической деятельности партий, претендующих на выражение их политических интересов. Такие нормы в законодательстве о партиях признаются защищающими и стимулирующими действительный плюрализм в обществе.
      Предусмотренная статьей 21 Закона, государственная перерегистрация ранее созданных политических партий, по мнению Конституционного Совета, направлена на приведение порядка их организации и деятельности в соответствие с требованиями нового Закона, обязательными для всех политических партий.
      Данная норма о перерегистрации распространяется на все без исключения существующие политические партии, то есть соблюдается принцип их равенства перед законом. Ранее созданные и вновь создаваемые партии ставятся этим Законом в одинаковые правовые условия.
      Таким образом, рассмотрение положений Закона Республики Казахстан "О политических партиях" на предмет соответствия K951000_ Конституции показало, что этот Закон, принятый Парламентом по инициативе депутатов 26 июня 2002 года, не противоречит положениям и нормам Конституции.
      Закон дополняет закрепленное статьей 23 Конституции право граждан Республики на свободу объединений, исходя из признания существенного различия между политическими партиями и иными видами общественных объединений. Специализация законодательного регулирования условий и порядка образования и деятельности политических партий, установление их публично-правового статуса является общей тенденцией современного конституционализма.
      Сноска. Мотивировочная часть с изменениями, внесенными нормативным постановлением Конституционного Совета РК от 27.04.2011 № 4.
      На основании изложенного и руководствуясь подпунктом 2) пункта 1 статьи 72 K951000_ Конституции Республики Казахстан, подпунктом 1) пункта 2 статьи 17, статьями 31, 32, 33, 37, 38 и 39 Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу Конституционного закона, U952737_ "О Конституционном Совете Республики Казахстан", Конституционный Совет Республики Казахстан постановляет:
      1. Признать Закон Республики Казахстан "О политических партиях" соответствующим Конституции Республики Казахстан.
      2. В соответствии с пунктом 3 статьи 74 K951000_ Конституции Республики Казахстан постановление вступает в силу со дня его принятия, обжалованию не подлежит, является общеобязательным на всей территории Республики и окончательным с учетом случая, предусмотренного пунктом 4

 

статьи 73 Конституции Республики Казахстан.

     3. Опубликовать настоящее постановление на казахском и русском языках

в официальных республиканских печатных изданиях.


     Председатель

     Конституционного Совета

     Республики Казахстан


(Специалисты: Умбетова А.М.,

              Мартина Н.А.)